» » ЖАҢА ҚҰРАМ НАҚТЫЛАНДЫ

ЖАҢА ҚҰРАМ НАҚТЫЛАНДЫ

Жуырда  Жосалы кенті әкімдігінің мәжіліс залында  аудан әкімінің орынбасары Әділ Қошалақов, дербес бөлімдер басшылары мен аудандық мәслихат депутаттарының қатысуымен  VI-шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХVIІІ сессиясы өтті.

Аудандық мәслихат депутаты  Бақытжан Нысанбаевтың төрағалығымен өткен кезектен тыс сессия отырысында аудандық экономика және бюд­жеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Аққозбек Байсыновтың «2018-2020 жыл­­дарға арналған кенттер, ауылдық округтер бюджеті туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы №148 шешіміне өзгерістер туралы» хабарламасы тыңдалса, келесі кезекте  Қармақшы аудандық мәслихатының 2017 жылдың 30-наурызындағы Қар­мақ­шы аудандық Қоғам­дық кеңесінің құрамын бекіту туралы №79 шешіміне өзгеріс енгізу мақсатында хабарлама жасау үшін сөз алған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Серік Айдаров  кеңес құрамынан өз өтініштері бойынша шығып қалған мүшелер орнына  аудандық мәслихат депутаты Күлжауһар Раева, аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Меңлібаев, сонымен қатар «Нұр Отан» партиясы Байқоңыр қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бақытбек Бекпанов пен «Ауғанстан және аймақтық соғыс ардагерлері кеңесі» қо­ғам­дық бірлестігінің төрағасы Асқар Ерманов және №108 орта мектептің директоры Дәулет Қауысов енгізілгенін хабарлады.

Сессияда аудан әкімінің орынбасары Әділ Қошалақов сөз сөйлеп, онда көтерілген мәселелер бойынша пікірін зерделеді.
Сессияда онда қаралған  мәселелер бо­йынша шешімдер қабылданды.

Сессия алдында тұрақты комиссиялар отырысы өтті.

Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ
25 желтоқсан 2018 ж. 1 366 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

№87 (10352)

02 қараша 2024 ж.

№86 (10351)

29 қазан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 2 875

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930