» » ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ

Жақында облыстық қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Кеңес мүшесі Қаршыға Есдәулетовтың төрағалығымен өткен отырысқа қоғамдық ұйым өкілдері, облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Болат Нұрқожаев қатысты.
Жиында Жосалы кентіне аяқ су беру және саябақтардың қазіргі жай-күйі туралы Жосалы кенті әкімінің міндетін уақытша атқарушы Шыңғыс Сыдықов хабарлама жасап, онда ол биыл жергілікті қоғамдық кеңестің келісімімен кент тұрғындарын аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында аудан бюджетінен15 млн. теңге бөлінгенін айтып, бүгінде осы жұмыстарды іске асыруда мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізіліп жатқанын, сол конкурс нәтижесімен мамыр және қыркүйек айларында тұрғындарға аяқ су берілетінін жеткізді.
Кент әкімі өз сөзінде осы аралықта «Мөлтек» ықшам ауданынан 5 шақырым аяқ су жүретін арық қазылып, Иманәлі көшесі мен «Жастар» саябағына баратын аяқ су арығына жөндеу жұмысы жүргізілетінін айтып, аудан орталығындағы саябақтар мен демалыс орындарының жай-күйіне тоқталды. Сондай-ақ, ол аталмыш жұмыстарды істеуде кедергі келтіріп отырған кемшіліктер жайын да тілге тиек етті.
Кеңес отырысында аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Зере Метерова «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы» өткен жылдың 20 қыркүйегіндегі аудандық мәслихаттың №115 шешіміне өзгеріс енгізу туралы ұсынымын талдаса, келесі кезекте аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Аққозбек Байсынов аудан құрамындағы елді мекендердегі қоғамдастық жиналыстарының регламентін бекітуге және ҚР Бюджет кодексінің 73 бабына сәйкес 2018-2020 жылдарға арналған бюджет туралы аудандық мәслихаттың шешімі жобасының ұсынымын кеңес мүшелерінің назарына салды.
Сонымен бірге, кеңес отырысында аудандық кеңес құрамына өзгеріс енгізу туралы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Серік Айдаровтың хабарламасы тыңдалды.
Жиында облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Болат Нұрқожаев сөз сөйлеп, отырысы барысында көтерілген мәселелер бойынша өз ұсыныс-пікірін зерделеп, ойын ортаға салды.
Кеңес мүшелері Шегебай Құндақбаев, Әнуарбек Дәуленбаев, Алмасбек Қаржаубаев, Жоламан Райсов, Мұхтар Ибраев және басқалар ұсыныс-пікірлерін айтып, ойларын ортаға салды.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ.
29 сәуір 2018 ж. 2 018 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 033

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031