» » "ҚАЗАҚСТАННЫҢ КИЕЛІ ЖЕРЛЕРІНІҢ ГЕОГРАФИЯСЫ": ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСШЫ ТОП БАС ҚОСТЫ

"ҚАЗАҚСТАННЫҢ КИЕЛІ ЖЕРЛЕРІНІҢ ГЕОГРАФИЯСЫ": ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСШЫ ТОП БАС ҚОСТЫ

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде "Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы" жобасын жүзеге асыру жөніндегі облыстық жұмысшы тобының отырысы өтті. Отырысқа "Қасиетті Қазақстан" ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Берік Әбдіғалиұлы қатысып, жоба аясында алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар барысын таныстырды.Басқосуда Қызылорда облысы бойынша музейлер, архивтер және тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мекемесімен бірге ынтымақтастықта жұмыс жасап, Сыр өңірі бойынша анықталған жалпыұлттық және өңірлік қасиетті нысандарды ғылыми тұрғыда терең зерттеуді жалғастыру талқыланды.
"Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы" жобасын жүзеге асыру жөніндегі Қызылорда облыстық жұмысшы топ мүшелері аталмыш тақырып аясында өз ойларын ортаға салып, Сыр өңірі бойынша анықталған қасиетті нысандарды қосымша енгізуді ұсынды.
Отырыста Қорқыт ата атындағы ҚМУ профессоры, ф.ғ.д. Б.Кәрібозов, ақын, тележурналист Ш.Әбдікәрімов, облыстық "Рухани жаңғыру" орталығының бөлім басшысығ ғалым С.Қосанов, облыстық музейдің ғылыми хатшысы А.Сайлау, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мекемесінің директоры С.Көзейбаев қасиетті нысандарды анықтау барысында кездескен қиындықтарымен және жұмысшы тобының жеткен жетістігімен бөлісті.
Ескерткіштердің тарихи маңызы айрықша айтылып, зерттеуді қажет етіп тізімге енбей қалған нысандарды кітапқа кіргізу үшін атқарылатын жұмыстар талқыланды.
Облыстық музейдің "Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы" жобасы бойынша ұйымдастырған "Сыр өңірінің қасиетті орындары" атты телеэкспедициясының І және ІІ кезеңі бойынша баяндама жасалды.
syr-media.kz


14 қыркүйек 2018 ж. 1 377 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 339
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 118

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930