» » Келелі мәселе қаралды

Келелі мәселе қаралды


Мәселен жыл басында 4 жасөспірімнің қатысуымен 6 қылмыстық жағдай тіркелген. Дені – ұрлық-қарлық. Өзгенің мүлкіне қызығушылық таныту, оңай олжа табу, онысымен қоймай рұқсатсыз қалтаға басу көпшілікке жай тентектік көрінер, бірақ бұл – қылмыс. Жай қылмыс емес, үлкен қылмысқа бастар жол. Осыған орай аудан әкімшілігінде «Кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау» жөнінде комиссия отырысы өтті. Жиын барысында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Меңлібаев оқушылар арасындағы басбұзарлықты тоқтату бағытындағы жұмыстарды саралап, күн тәртібіндегі мәселелерге тоқталды. Бірінші мәселе «Мектеп оқушыларымен орын алған қылмыстық істер» бойынша аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметі  бөлімшесінің бастығы Ерлан Назарқұловтың баяндамасы тыңдалды. Ауданның бас сақшысы тек баяндап қоймады.  Атаулы қылмысты болдырмау үшін мектеп оқушыларын алдын ала бақылау, тәрбиелеу т.б. жұмыстарын атқармаған мектеп мамандарына тәртіптік жауапкершіліктерін қарауды аудандық білім бөліміне ұсынды. Одан кейін екінші мәселе Қармақшы аграрлық-техникалық колледжінің студенді Б.Қ-ның денсаулық жағдайы туралы колледж директоры Исламбек Айекенов хабарлады.
Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Меңлібаев жасөспірімдердің ата-аналарына қатаң ескерту жасады. Сала басшыларына қадағалауда тұрған балалармен жұмыс жүргізуді, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында бірлескен профилактикалық шараларды күшейтуді, жасөспірімдердің өмір қауіпсіздігіне байланысты мерзімінде рейд жұмыстарын үнемі жүргізіп отыруды тапсырды. 
Ерсін СӘДУҰЛЫ,
   «Қармақшы таңы»
12 наурыз 2019 ж. 959 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 037

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031