» » Еліміз бойынша қылмыс деңгейі 12 пайызға төмендеген

Еліміз бойынша қылмыс деңгейі 12 пайызға төмендеген

Астанада еліміздің Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов тұрғындармен кездесті. Сала басшысы жұртшылықты толғандырған сауалдарға жауап беріп, қоғамдық қауіпсіздікті қорғау, құқықбұзушылықтың алдын алу, жолдағы қауіпсіздік шаралары жөнінде айтты. Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов өз сөзінде қылмыс саны өткен жылмен салыстырғанда, біршама азайғанын атап өтті. Биыл еліміз бойынша жалпы қылмыс деңгейі 12 пайызға төмендеген. Соның ішінде ауыр, орташа және аса ауыр емес қылмыс түрлері, ұрлық, бұзақылық пен зорлық саны азайған. Айта кететін мәселе, жасөспірімдер арасындағы қылмыс соңғы бес жылда тұрақты азайып келе жатыр. «Бұл тиісті ұйымдар мен мекемелердің кешенді жұмысының нәтижесінде қол жеткізген жетістік», – дейді министр. Ішкі істер министрі қылмысты болдырмау мақсатында да ұдайы жұмыстардың жүріп жатқанын тілге тиек етті.

14 маусым 2018 ж. 1 549 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 755
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 120

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 481

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930