» » Қазақстанға көбінесе қай елдің азаматтары келеді?

Қазақстанға көбінесе қай елдің азаматтары келеді?

Еліміздегі көші-қон саласында есірткі бизнесіне, адам саудасына қатысты оқиғалар аз емес. Бұл туралы Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлім етті.
«Еліміздегі көші-қон процесі өте ауқымды, болашақта ол тек арта түседі. Ресми статистика бойынша соңғы үш жылда біздің елімізге 5,6 млн астам шетелдік азамат келген. Олардың 90 пайыздан астамы ТМД елдерінен, яғни негізінен Ресейден, Өзбекстаннан, Қырғызстаннан келгендер. Сонымен қатар алыс шетелден елімізге сапарлайтын мигранттардың қатары көбейгені байқалуда. Осы уақытта олардың саны 620 мың адамға жетті. Бұл шетелдіктердің көбі Қытай мен Түркия азаматтары», – деді министр. Атқарылып жатқан жұмыстардың басты міндеттері заңсыз көші-қонмен күресуге негізделгеніне тоқталған Қасымов, себебі бұл шаралар еліміздегі қоғамдық тәртіп үшін маңызды екенін жеткізді. «Өйткені көші-қон ағымы есірткі бизнесімен, адам саудасымен, экстрмизм және лаңкестікпен байланысты болған кездері аз емес. Бұл салада бақылау мен реттеуді тиімді ұйымдастырмасақ, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына зиян келуі мүмкін», – деді Қалмұханбет Қасымов.
16 сәуір 2018 ж. 1 740 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 755
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 481

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930