» » Қазақстан халқының саны 18 млн 177 мың адамды құрады

Қазақстан халқының саны 18 млн 177 мың адамды құрады

Соның ішінде қалалықтар 10 439,6  мың (57,4%), ауылдықтар - 7 738,1 мың адамды (42,6%) құрады. АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2018 жылғы қаңтарда 33,3 мың сәби туған, бұл 2017 жылғы қаңтарға қарағанда 4,4% көп.

Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 21,42 туылғандарды құрады. 2018 жылғы қаңтарда республика халқының табиғи өсімі 2017 жылғы қаңтармен салыстырғанда 2,5 мың адамға немесе 13,1% көбейіп, 21,5 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 13,83 адамды құрады.
2018 жылғы қаңтарда республикада 1 жасқа дейінгі 317 нәресте өлімі тіркелді. 2017 жылғы қаңтармен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 7,1% көбейді. Нәресте өлім-жітімінің негізгі себебі - перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар, бұдан 2018 жылғы қаңтарда 146 нәресте қайтыс болып, нәрестелер арасындағы жалпы өлім санының 46,1% құрады. Туа біткен ауытқулардан 64 немесе 20,2%, тыныс органдары ауруларынан - 29 немесе 9,1% және жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан - 11 немесе нәрестеердің 3,5% проценті қайтыс болды. 
2018 жылғы қаңтарда нәресте өлім-жітімінің коэффициеті 1000 сәбиге шаққанда 9,53 нәрестені құрады. Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2018 жылғы қаңтарда елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 2017 жылғы қаңтармен салыстырғанда 9,2% кеміп, 1 360 адам құрады. Елімізден кеткен көшіп-қонушылардың тіркелу саны 34,9% көбейіп, 2 258 адам құрады. Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен болуда. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 78,1%; ТМД елдерге кеткендердің үлесі 86,7% құрады. Өңіраралық көшіп-қонушылардың үлесіне еліміздің жалпы ішкі көшіп-қонушылар санының 33,3% кұрады. Өңіраралық көші-қонның оң айырымы: Астана қаласы - 1 058 адам; Алматы қаласы - 3 549 адам; Ақмола облысы - 157 адам; Маңғыстау облысы - 26 адам.


16 наурыз 2018 ж. 1 992 1

JeaCold от 17 ақпан 2019 14:47
Levitra Vardenafil Preisvergleich Cialis Avis cialis online Viagra Pa Nett I Sverige Amoxicillin Adverse Prix Cialis Generique France

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 427
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 234

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930