Құрылтай
» » Көш көлікті болсын

Көш көлікті болсын

«Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Көш көлікті болсын!»республикалық акциясы аясында көші-қон мәселелері бойынша азаматтарды бірыңғай қабылдау өткізілді. Шараны «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Буханов ашып «Халықтың көші-қоны туралы» Заңы мен өзге де қаулылар негізінде оралмандарға, этникалық қазақтарға және олардың отбасы мүшелеріне ұсынылатын мемлекеттік қолдау шараларынан көшіп келуш…ілер мен қоныс аударушылардың толық және өз уақытында пайдалануын қамтамасыз ету туралы мақсаттарымен таныстырып өтті. Акцияға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Ә.Медешов, АІІБ-нің көші-қон полиция тобының аға инспекторы полиция майоры Н. Төлегенов, аудандық әділет басқармасының басшысы Н. Асанова және Бақ өкілдері, партия қызметкерлері мен кент тұрғындары қатысты. Акция барысында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.
31 наурыз 2018 ж. 1 735 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 641
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 102

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31