» » Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы - уақыт талабы

Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы - уақыт талабы

«Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру бойынша азаматтарды Бірыңғай қабылдау күні» республикалық акциясы» аясында азаматтарды жеке қабылдау өткізілді. Шараны «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Буханов ашып, «Нәтижелі жұмы…спен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын» жүзеге асыруды қамтамасыз етуші мемлекеттік органдарға халықты жұмыспен қамту бағдарламарын түсіндіріп, оған жастарды, жұмыссыздар мен аз қамтылған, өздігінен жұмыс істейтін тұлғаларды тарту жөніндегі бірлестіктер жұмыстарын ұйымдастыру үшін пікір алмасу алаңын ұсыну туралы мақсаттарымен таныстырып өтті.
Акцияға аудандық аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы А.Ноғаев, аудандық кәсіпкерлік палатасының директоры А.Шоқбаров аудандық білім бөлімінің әдіскері Т.Әбенова БАҚ өкілдері, партия белсенділері мен кент тұрғындары қатысты.
Шара барысында аудандық кәсіпкерлік палатасының директоры А.Шоқбаров Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету аталған бағыт шеңберінде жүргізілетінін және оның міндеттерін айтып өтті.
Сонымен бірге қатысушылар тарапынан кәсіпкерлікті ашу, несие алу, отандық өнім өндіру жөнінде сұрақтар қойып, тиісті жауаптар берілді.




16 наурыз 2018 ж. 1 886 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№6 (10374)

24 қаңтар 2025 ж.

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 335
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031