» » Ауданда кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссия отырысы өтті

Ауданда кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссия отырысы өтті

Бүгін Қармақшы ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Комиссия отырысына аудан әкімінің орынбасары Ж. Омаров төрағалық етіп, жүргізіп отырды.
Сонымен бірге комиссия отырысына zoom бағдарламасы арқылы Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің балалардың құқығын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы Қазтуғанов Тимур, аудан прокурорының орынбасары А. Мұратов және комиссия мүшелері, үкіметтік емес ұйымдар, құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.
Күн тәртібіне екі мәселе шығарылды. Біріншісі кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссия отырысының 2021 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасын талқылау болса, екіншісі аудан көлемінде кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтың алдын алу және түнгі мезгілде заңды өкілсіз бейберекет жүрмеуінің алдын алу бағытында атқарылып жатырған жұмыстар туралы болды.
Бірінші мәселе бойынша 2021 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасы туралы комиссия төрағасы Жарқын Тұрмаханұлы талқылауға ұсынып, комиссия мүшелерінің ұсыныс – пікірлерін ескеріп, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөліміне тапсырмаларды жүктеді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудандық білім бөлімінің басшысы Д. Нәзікбаев және аудандық аграрлы – техникалық колледжі директорының міндетін атқарушы Б. Сайдуллаұлының хабарламалары тыңдалды.
Оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, түнгі беймезгіл уақытта жүруін шектеу, ұсақ құқық бұзушылықтарды болдырмау бағытында тиісті сала басшыларына тапсырмалар берілді.
Комиссия отырысын қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Ж. Омаров кәмелетке толмаған жасөспірімдердің өмір қауіпсіздігіне байланысты мерзімінде рейд жұмыстарын жүргізуді, құқық бұзушылықтардың алдын алуда мектеп директорлары тарапынан қатаң бақылауға алуды жүктеді.
Сонымен бірге құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында тиісті сала басшыларына оқушылар мен ата-аналарға түсіндірме жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуді тапсырды.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
25 желтоқсан 2020 ж. 838 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031