» » Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөнінде комиссия отырысы өтті

Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөнінде комиссия отырысы өтті


Қармақшы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудан әкімі жанындағы комиссия отырысы өтті.
Жиынды аудан әкімінің орынбасары Жарқын Тұрмаханұлы ашып, жүргізіп отырды.

Комиссия отырысына аудандық прокуратурасының өкілі Есетов Ернұр Әскерұлы, Қармақшы аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Ешжанов Оспан Қосжанұлы, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, комиссия мүшелері қатысты.

Аграрлық техникалық колледжінің директоры Б.Сайдуллаұлы және аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы О.Ешжанов кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы және кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстар туралы хабарламасы тыңдалды.

Сонымен қатар жиын барысында аудандық білім бөлімінің басшысы Д.Нәзібаев өз пікірлерін білдіріп, ойларын ортаға салды.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Жарқын Тұрмаханұлы жасөспірімдер мен оқушылардың қауіпсіздігін, жастардың жат әдет-қылықтардын аулақ болуын, олардың құқықтарының қорғалуын жауапты мекемелердің ұдайы назарында болу қажеттігін айтып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
19 наурыз 2021 ж. 991 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 892
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 595

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930