» » Басты мақсат - құқық бұзушылықтың алдын алу

Басты мақсат - құқық бұзушылықтың алдын алу

С.Есқараев атындағы №27 орта мектебінде аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстардың, ерте жүктіліктің, кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау» тақырыбында кездесу болып өтті. Кездесуге Қармақшы ауданы прокуратурасының прокуроры Есетов Ернұр, Қармақшы аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесі ювеналды полиция тобының аға инспекторы полиция капитаны Гүлмира Исмайлова, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Қармақшы аудандық филиалының төрайымы, аудандық әйелдер кеңесі қоғамдық бірлестігінің төрайымы Раева Күлжауһар , Қызылорда облыстық дін істері басқармасы Қармақшы аудандық дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Ысқақов Жалғасбек , аудандық білім бөлімінің басшысы Нәзікбаев Дастан , аудандық психоәлеуметтік кеңес беру кабинетінің дәрігері Балмаханова Айткүл, Жастар денсаулығы орталығының медбикесі Жеткергенова Аидалар қатысып, өз салалары бойынша тақырыпқа орай түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында ҚР Балалар құқықтарын қорғау өкілеттілігінің мектепішілік өкілі 9 сынып оқушысы Қ.Әбдірайым құқық бұзушылыққа қарсы жүргізген жұмыстары жөнінде сөйлеп, өзі шығарған «Жастарға үндеу» өлеңін оқыды. Кездесу қонақтары 9 сынып оқушыларының құқық бұзушылыққа қарсы насихаттау мақсатында түсірілген бейнероликтерін тамашалады. Игі жұмыстар жалғасын таппақ.
04 ақпан 2021 ж. 960 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (10467)

27 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 189
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 835

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031