» » Кезекті комиссия отырыстары өткізілді

Кезекті комиссия отырыстары өткізілді


Қармақшы ауданы әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі және құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырыстары өткізілді.

Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысында 2 мәселе қаралды. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдар бөлімі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы атқарған шаралар туралы Рустам Ефенов, Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарған шаралар туралы Ербол Исаев баяндама жасады.

Комиссия мүшелері баяндамашыларға күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сұрақтар қойып, сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтады.

Аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында 3 мәселе қаралды. Аудан көлемінде қылмыстардың және топтық төбелес қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарының барысы, мүліктік қылмыстар, оның ішінде алаяқтық қылмыстарға және өткен жылы өсім алған қылмыс түрлеріне терең талдау жасап, оларды болдырмауға бағытталған жұмыстар, есірткінің заңсыз айналымына қатысты қылмыстарды, есірткіні тасымалдау жөнелту жолдарын анықтау және заңсыз есірткі алқаптарын еккен тұлғаларды анықтау жұмыстары туралы Аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Мерей Өмірбекұлы баяндама жасады.

Комиссия мүшелері баяндамашыны толық тындап, атқарылып жатқан жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

Аудан басшысы күн тәртібінде көтерілген мәселелер өзекті екенін жеткізіп, тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Ⓒ Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

16 наурыз 2024 ж. 320 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 395
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 196

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930