» » Аудан әкімдігінде комиссия отырысы өтті

Аудан әкімдігінде комиссия отырысы өтті


Аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері және құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырыстары өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысында «Аудандық коғамдық даму бөлімінің сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтың профилактикалық шаралары туралы» және «Жосалы кенті әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтың профилактикалық шаралары туралы» баяндамалар тыңдалды.

Мәжіліс барысында комиссия мүшелерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалып, тиісті сала басшыларына және кент, ауылдық округ әкімдеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихатттық жұмыстарды күшейту жөнінде тапсырмалар берілді.

Одан соң, құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында «Аудандық жастар ресурстық орталығының жастар арасындағы қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында 11 айдың қорытындысымен атқарған жұмыстары туралы» және «Аудандық полиция бөлімінің аудан көлемінде құқық бұзушылықтардың, жол-көлік қауіпсіздігі профилактикасы, мал ұрлығы және жалпы қылмыстар бойынша 11 аймен атқарылған жұмыстар туралы» хабарламалары тыңдалды.

Мәжіліс қорытындысымен аудан әкімі күн тәртібінде көтерілген мәселелерге байланысты комиссия мүшелерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдап, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

17 желтоқсан 2023 ж. 345 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031