Құрылтай
» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы - іс қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы - іс қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті

Кеше аудан әкімі Әділбек Ерсұлтановтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өткізілді.
Отырысқа комиссия мүшелері, құқық қорғау органдарының басшылары, бөлім басшылары кент, ауылдық округі әкімдері бейне байланыс арқылы қосылып отырды.
Мәжілістің күн тәртібінде Ақтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының және Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарған шаралары туралы ауыл әкімі Д.Ахметов пен бөлім басшысы Д.Ержановтың хабарламалары тыңдалды.
Сонымен қатар жиын барысында комиссия мүшелерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалып, кент, ауылдық округ әкімдеріне және бөлім басшыларына алдағы уақытта талап пен бақылау күшейетіндігі айтылды.
Жиын қорытындысымен аудан басшысы арнайы хаттаммалық тапсырмалар жүктеп, орындалуы басты бақылауда болатындығын жеткізді.

01 қазан 2022 ж. 677 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№51 (10519)

09 шілде 2026 ж.

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 445
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 949

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031