» » Аудандық комиссия отырысында не талқыланды?

Аудандық комиссия отырысында не талқыланды?

Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбековтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі аудандық комиссия отырысы өтті.
Отырысқа комиссия мүшелері, құқық қорғау органдарының басшылары, кенттер мен ауылдық округ әкімдері Zoom платформасы арқылы онлайн қатысты.

Мәжілістің жүргізілу регламентіне сәйкес хабарламашылардың баяндамалары тыңдалып болғаннан кейін барып, сұрақ-жауап талқылау ұсынылды.

Отырыстың күн тәртібінде «Қармақшы аудандық білім бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарған шаралары туралы» және «Қармақшы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу туралы» мәселелер қаралды.

Алғашқы мәселе бойынша Қармақшы аудандық білім бөлімінің басшысы Д. Нәзікбаев білім беру саласында атқарылған жұмыстарды баяндады.

Сонымен бірге екінші мәселе бойынша аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ә. Омаров ауыл шаруашылығы саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмыстар жайлы хабарламасында айтып өтті.
Жиын барысында аудан әкімі Мұса Оспанұлы білім бөлім тарапынан мемлекеттік сатып алулардың мерзімінде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету, мемлекеттік емтихандар мен ҰБТ-да, мектеп бітіру кештерінде ата-аналар тарапынан білім беру ұйымдарының басшыларына және педагог қызметкерлерге түрлі заңсыз сыйлықтар немесе ақша қаражаттарын беру, жинау шараларын қатаң бақылау және құқық қорғау органдары тарапынан түсіндіру шаралары жайлы тапсырмалар берді.

Сонымен қатар ауыл шаруашылық бөлімінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу да заң бұзушылықтарға жол бермеу шараларын қабылдауды, әкімшілік кедергілерді азайту мақсатында ауыл шаруашылық бөлімі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жұмыстар атқару қажеттілігі жайлы тиісті сала басшыларына тапсырмаларды жүктеді.

-Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде қызмет алушылар мен берушілердің және шешімдер қабылдау рәсімдерінің ашықтығы қажет. Кенттер мен ауылдық округ әкімдері және дербес бөлімдер тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген профилактикалық шаралардың ақпаратын әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында үнемі жариялап отыруы керек,- деді аудан әкімі Мұса Қалдарбеков.

Жиын соңында тиісті хабарламашылар қозғалған мәселелер жайлы комиссия мүшелері ұсыныс – пікірлерімен бөлісті.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

09 маусым 2021 ж. 813 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 036

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031