» » Ауданда «Агроаймақтар» мен «Жасыл белдеулер» бойынша жұмыстар талқыланды

Ауданда «Агроаймақтар» мен «Жасыл белдеулер» бойынша жұмыстар талқыланды

Қармақшы ауданының әкімі М.Қалдарбековтың төрағалығымен өткен мәжілісте аудан көлемінде агроаймақтар мен жасыл белдеулерді қалыптастыру бағытындағы жұмыстар талқыланды.
Санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып өткізілген жиынға кенттер мен ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары қатысты.
Күн тәртібіне екі мәселе қаралды. Бірінші мәселе аудан көлемінде кенттер мен ауылдық округтердегі егін егуге және агроаймақтардың дайындық жұмыстары жайлы болса, екінші мәселе аудан бойынша жасыл белдеу орналастыру жұмыстарының барысы туралы болды.
Мәжілістің жүргізілу регламентіне сәйкес хабарламашылардың баяндамалары тыңдалып болғаннан кейін барып, сұрақ-жауап талқылау ұсынылды.
Бірінші мәселе бойынша аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ә. Омаров хабарлама жасады.
Екінші мәселе бойынша аудандық тұрғын –үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Р. Ефновтың хабарламасы тыңдалды.
Мәжіліс барысында сөз алған аудан басшысы «Қармақшысушар» өндірістік учаскесімен бірлесіп, шаруашылықтардың күрішке алатын судың көлемін ескере отырып, бақшаға берілетін судың кестеге сәйкес бөлінуін қамтамасыз етуде кенттер мен ауылдық округ әкімдері тиісті деңгейде атқару керектігін атап өтіп, егін егу және агроаймақтардың жұмыстарының барысынсапалы ұйымдастырылмаған жағдайдатиісті сала басшыларынаұсыныс енгізутапсырылды.
Сонымен қатар жиында кенттер мен ауылдық округтердіңгүлдене түсуі мақсатында жасыл белдеу құрылып, ағаш отырғызу жұмыстарын қарқынды түрде атқару қажеттілігі айтылды.
Ауылдық округтердің белгіленген аймақта жасыл белдеу орындарын нақтылап, жоспарға сәйкес жас ағаш көшеттерін отырғызу бағытындатиісті сала басшыларына ұйымдастыру міндеті жүктелді.
Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі Мұса Оспанұлы кенттер мен ауылдық округ әкімдерінеегін егу барысы мен жасыл белдеуді қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыруда белсенді болуды тапсырды.
Мәжіліс соңында тиісті хабарламашылар қозғалған мәселелер туралы ұсыныс - пікірлерін ортаға салды.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
13 сәуір 2021 ж. 644 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10361)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (10360)

30 қараша 2024 ж.

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 553

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 624

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031