» » Жедел штаб отырысы өтті

Жедел штаб отырысы өтті

Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Ж. Омаровтың төрағалығымен жедел штаб отырысы өтті. Санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып өткізілген жиынға мониторингтік топ мүшелері, кенттер мен ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары онлайн қашықтықтан қатысты.
Жиынның жүргізілу регламентіне сәйкес хабарламашылардың баяндамалары тыңдалып болғаннан кейін барып, сұрақ-жауап талқылау ұсынылды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша алғашқы сөзді аудандық санитарлық - эпидемиологиялық бақылау басқармасының бастығы Г. Төлепбергенова алып, ауданымыздағы қазіргі қалыптасқан ахуалға байланысты хабарлама жасады.
Жиын барысында аудандық аурухананың бас дәрігері Б.Нысанбаев және Байқоңыр қаласындағы көп бейінді ауруханасының бас дәрігері Ж. Әділхан аудан көлемінде коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдар санының көбейуіне байланысты қойылған сұрақтарға тұщымды жауаптарын берді.
Жиында аудан әкімінің орынбасары Ж. Омаров емханалар мен ауруханада карантиндік шараларды қатаң сақтауды, емханада екі айлық дәрі – дәрмек қорының болуын қамтамасыз етуді, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тарапынан ауру ошағы анықталған жағдайда шұғыл әрекет ету жұмыстарын ұйымдастыруды және мектептер мен балабақшаларда сақтандыру жұмыстарын қатаң бақылауға алуды тапсырды.
Жедел штаб отырысын қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары сауда орындарына, мейрамханаларға көпшілік жиналатын орындарға күнделікті күндізгі және түнгі рейдтік жұмыстарды ұйымдастыру күшейтуді, рейдтік жұмыстарды жүргізу кезінде облыстық бас санитар қаулысының талаптары бұзылған жағдайда заңға сәйкес тиісті шаралар қабылдауды жүктеді.
Жиын соңында мониторингтік топ мүшелері тиісті хабарламашылар қозғаған мәселелер туралы ұсыныс - пікірлерін ортаға салды.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
07 сәуір 2021 ж. 623 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 037

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031