» » Кенттің келбетін көркеюіне елді мекендер үлесін қосады

Кенттің келбетін көркеюіне елді мекендер үлесін қосады

Бүгін Қармақшы ауданының әкімі М. Қалдарбековтың төрағалығымен мәжілісі өтті.

Санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып өткізілген жиынға кенттер мен ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары қатысты.

Күн тәртібіне екі мәселе қаралды. Бірінші мәселе аудан көлемінде көркейту – көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары жайлы болса, екінші мәселе аудан бойынша жаппай бұқаралық спортты дамыту жұмыстарының барысы туралы болды.

Мәжілістің жүргізілу регламентіне сәйкес хабарламашылардың баяндамалары тыңдалып болғаннан кейін барып, сұрақ-жауап талқылау ұсынылды.

Бірінші мәселе бойынша аудандық тұрғын –үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы М. Саршаева хабарлама жасады.

Екінші мәселе бойынша аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Н. Мырзабаевтың хабарламасы тыңдалды.
Мәжіліс барысында сөз алған аудан басшысы көркейту –көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары кенттер мен ауылдық округте тиісті деңгейде атқару керектігін тапсырып, тиісті деңгейде жүктелген міндеттерді орындамаған басшыларға қызмет барысында қадағалу жүргізуді тапсырды.

Сонымен қатар жиында Жосалы кентінің келбетінің гүлдене түсуі мақсатында көркейту – көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары кезеңінде ауылдық округтердің үлес қосуы ұсынылды. Ауылдық округтердің белгіленген аймақта бөлінген қызметкерлермен санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізуге жәрдемдесуі болып табылады.

Сондай-ақ жиында кенттер мен ауылдық округ әкімдеріне жасыл белдеу орындарын нақтылап, жоспарға сәйкес жас ағаш көшеттерін отырғызуды, күл – қоқыс полигондарын салу және талапқа сәйкестендіру бағытында шаралар қабылдау тапсырылды.

Мәжілісте аудан әкімі Мұса Оспанұлы ауылдық жерлерде спорт саласының дамуына тиісті жағдай жасауды, аудан көлемінде ат спорты түрлерін дамыту бағытында шаралар қабылдауды жүктеді. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Н. Мырзабаевқа Иіркөл және Көмекбаев ауылдық округтер әкімдерімен бірлесіп спорт мектептерінің жұмыс жасауы үшін тиісті жұмыстар ұйымдастыруды тапсырды.

Мәжіліс соңында тиісті хабарламашылар қозғалған мәселелер туралы ұсыныс - пікірлерін ортаға салды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
31 наурыз 2021 ж. 619 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№6 (10374)

24 қаңтар 2025 ж.

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 340
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031