» » Мал шарушылығын дамыту – басты мақсат

Мал шарушылығын дамыту – басты мақсат

Қармақшы ауданының әкімі М.Қалдарбековтың төрағалығымен өткен мәжілісте күн тәртібінде екі мәселе қаралды.
Біріншісі аудан көлемінде мал шаруашылығын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар болса, екіншісі күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстарының барысы еді.
Мәжілістің күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы А.Омаровтың хабарламасы тыңдалды.Аудан бойынша үстіміздегі жылы 32349 бас мүйізді ірі қара, 60032 бас қой мен ешкі, 10704 бас жылқы, 3488 бас түйе, 216 бас шошқа, 17715 бас құс тіркеліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім болған. Сонымен бірге, есепті кезеңде 1929 тонна ет, 3306,7 тонна сүт, 340,0 мың дана жұмыртқа өнімі өндірілді. Бұған «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту», «Қарапайым заттар экономикасы», «Микробизнес Қызылорда» мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде атқарылған жұмыстар септігін тигізді. Барлығы мал шаруашылығы бойынша 207,0 млн теңгеге 135 адам несие алып жұмыспен қамтылған.
Мәжіліс барысында аудан басшысы тиісті сала басшыларына нақты тапсырмаларды жүктеді. Атап айтқанда аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімімен кент, ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп, ауданға қажетті ет өнімдерін өндіру үшін шағын мал бордақылау алаңдарының жұмыстарын жандандыруды, Байқоңыр қаласын ет өнімдерімен қамтамасыз етудің кешенді жоспарын жасақтауды, жайылымдық жерлерге талдау жасап көлемін ұлғайтуды тапсырды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы Р.Тұрғановтың ауданымыздағы күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстарының барысы туралы хабарламасы тыңдалды.
Қазіргі таңда облыстық шақыру дәрігерлік комиссиясынан 32 азамат өтіп, бүгінгі күнге ауданы бойынша әскер қатарына 24 азамат жолданды.
Мәжілісте аудан әкімі Мұса Оспанұлы аудандық ішкі саясат, білім бөлімі, кент, ауылдық округ әкімдері аудандық және Байқоңыр қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен бірлесіп жастарды патриотизм және отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында жұмыстарды жандандыруды жүктеді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
18 қараша 2020 ж. 581 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 325
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031