» » Қоғамдық кеңес отырысы өтті

Қоғамдық кеңес отырысы өтті

«Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалының жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық Кеңесінің отырысы өтті. Отырысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы, «Қармақшы таңы» газетінің бас редакторы Райымбаева Сәрсенкүл Жаудатбекқызы ашып, жүргізіп отырды. Кеңес отырысына «Қуаңдария» және «Тұрмағамбет» бастауыш партия ұйымдары ZOOM платформасы арқылы онлайн қатысты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысында үш мәселе қаралды, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарының жағдайы туралы, «Қуаңдария» бастауыш партия ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарының жағдайы туралы және «Тұрмағамбет» бастауыш партия ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарының жағдайы туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Әнуар Айдын Серікұлы, «Қуаңдария» бастауыш партия ұйымының төрағасы, ауыл әкімі Аймырзаев Ардақ Басқынбайұлы және «Тұрмағамбет» бастауыш партия ұйымының төрағасы, ауыл әкімі Алдамұратов Мұрат Жұмаділұлы хабарлама жасады.
Жиын барысында кеңес мүшелері өз ұсыныстарын жеткізіп, күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты қаулы қабылданды.
27 тамыз 2021 ж. 643 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 804
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 504

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930