» » Аудан прокуроры брифинг өткізді

Аудан прокуроры брифинг өткізді

Сейсенбіде аудан прокуроры М.Маханбетжанов баспасөз өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізді. Бірінші кезекте өткен жылы аудан көлемінде болған қылмыс жағдайына тоқталды.
– Былтыр аудан көлеміндегі қылмыстылық 2019 жылмен салыстырғанда 30 процентке яғни 231/161 азайған. Аталған төмендеу динамикасына әлемдік пандемия, эпидемиология жағдайының ушығуына байланысты енгізілген карантиндік шаралардың әсері болды. Осындай шектеу жағдайына қарамастан ауданда жекелеген қылмыс түрлері көбейген. Айталық, бұзақылық 28 процентке 14/18, алаяқтық 22 процентке 9/11, есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты қылмыстар 30 процентке 13/17, топ болып жасалған қылмыстар 18 процентке 16/19 өскен. Жалпы тіркелген қылмыстардың ішінде ауыр санаттағы қылмыстар екі есеге көбейген 24/56, – дейді прокурор.
 М.Маханбетжановтың сөзінше бұл санаттағы қылмыстардың өсуіне қылмыстық заңнамаларға енгізілген өзгерістер себеп болған. Аталған қылмыс түрлерінің өсуі одан бөлек, мал ұрлығы, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылық, жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелері аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы бойынша ведомствоаралық комиссияда бірнеше рет қаралып, тиісті іс-шаралар белгіленген.
Бүгінде аудан көлемінде қылмысқа бейім 300-ден астам адамдардың тізімі жасақталып, тәуекел топтарына жіктеліп, негізінен үш санатқа бөлінген.
Қылмыс жасау тәуекелі жоғары, яғни қызыл санатқа – бұрын бірнеше рет қылмыс немесе өзге де құқық бұзушылықтар жасалған және осы күнге дейін түзу жолға түсуге ынталанбағандар.
Орташа, яғни сары санатқа – бұрын бірнеше рет құқық бұзушылық жасаған және түзелуге ынталы, дегенмен қылмыс жасау тәуекелі әлі де жойылмаған тұлғалар.
Төмен, яғни жасыл санатқа – жалпы профилактикалық есепке алынғандар және жоғарыда аталған санаттардан ауыстырылғандар.
Тәуекел топтарына енгізілген тұлғалардың, тұрмыс тіршілігі уәкілетті органдардың бақылауына алынған. Олармен жеке профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, отбасы жағдайына және жеке басы тәртібіне қарай тәуекел санаттары ауыстырылып отырады.
Ал алаяқтық, мал ұрлығы, есірткінің заңсыз айналымы қылмыстарының алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрғындарды қылмыстық құқық бұзушылықтан қорғау мақсатында аудан көшелерінде билбордтар ілініп, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасатын болады.
Кездесу барысында аудан прокуроры әлеуметтік-экономикалық және басқа да салалардағы заңдылықты қадағалау бағыттары бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Брифинг соңы сұрақ-жауапқа жалғасты.

Ақнұр Ердүйсенқызы

27 қаңтар 2021 ж. 655 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 021

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031