ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАСТЫ – МІНДЕТ
Ш.Төлепова атындағы мәдениет үйінде құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында аудан тұрғындарымен кездесу өтті.
Кездесуді аудан әкімі Мақашов Сұлтан Ысқақұлы ашып, жүргізіп отырды.
Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып табылады. Әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастарды қылмысқа жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажет.
Осы мақсатта қоғамдық кеңестің ұйымдастыруымен өткізілген шарада аудан тұрғындары жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу шаралары күшейтілуі қажет деп есептейді.
Жалпы Қармақшы ауданы бойынша 2019 жылдың 3 айдың қортындысымен 76 (2018 ж 3 айында-88) қылмыс тіркеліп, былтырғы жылмен салыстырғанда 12 дерекке яғни 13,6 пайызға азайып отыр.
Дегенменде, талдау көрсеткендей ауыр қылмыс түрлері +33,3 пайызға (4-тен 6-ға), дене жарақаты қылмыстары +100 (1-ден 2-ге), бұрын сотты болғандармен +33,3 (6-дан 4-ке), кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар +100 пайызға (0-ден 1-ге), мас күйінде жасалған қылмыстар 7 есеге (1-ден 7-ге), өсім алуына жол берілген.
Шарада аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Есдәулетов Қаршыға, аудандық қоғамдық кеңес төрайымы, аудандық мәслихат депутаты Күлжауһар Раева сөз сөйлеп, құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бағытында қоғам болып күресу басты міндет екенін жеткізді. Кездесу соңында аудан ардагерлері пікірлерін білдіріп, сауалдарын жолдады.
Кездесуді қорытындылаған аудан әкімі Сұлтан Ысқақұлы мәселелердің орындалуын жеке бақылауына алатынын айтып, жоспарлы жұмыстардың маңыздылығына тоқталып, сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Қазіргі таңда, аудан бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, аудан әкімдігінің бастамасымен кезекшілік кестесі бекітілді. Кезекшілік 2 ай көлемінде жүргізілетін болады.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі