» » Қазақстанның ең криминалды өңірі қандай?

Қазақстанның ең криминалды өңірі қандай?

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі осы жылдың III тоқсанындағы қылмыстық статистикамен бөлісті.

Ұлттық статистика бюросы (бұрынғы статистика комитеті - ред. түсіндірмесі) таратқан мәліметтерге сүйенсек, Былтырмен салыстырғанда, қылмыс деңгейі 34,4%-ға төмендеген: 2020 жылғы III тоқсанда 126499 қылмыстық құқық бұзушылық тіркеліпті. 
Республика бойынша 10 мың тұрғынға шаққанда қылмыскерлердің саны 90-ды құраған. Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Қостанай облысы еліміздегі қылмыс көп тіркелген өңірлердің көшін бастаса, Шығыс Қазақстан облысы "ең тыныш" аймақ атанды. 
Төмендегі статистикадан Қазақстанның өңірлері бойынша қылмыс деңгейін көрсеткішіні көре аласыздар: 

Елімізде ауыр және аса ауыр қылмыстар саны өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 65,2% артыпты. Ең жиі кездесетін қылмыс - біреудің жеке меншігіне жасалған зардап (73,6%). Оның ішінде біреудің мүлкін ұрлау ең жиі кездеседі екен: 2020жылдың ІІІ тоқсанында 52,8 мың қылмыс анықталыпты. 
Жеке адамға қарсы жасалған қылмыстар саны 7052-ні құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,7% аз. Зорлау – 39,6%, қорқыту – 26,4%, адам ұрлау – 24% қылмыстары бойынша төмендеу белгіленді.
Бқған қоса,  қасақана кісі өлтіру және адам өлтіруге оқталу саны өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 15,4% артқан.
Еліміз бойынша адам өлтірудің ең жоғары деңгейі Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Жамбыл облыстарында, ең төмені Шымкент қаласында байқалады: 

Республиканың құқық қорғау органдары қылмыс жасаған 57,2 мың адамды анықтады (2019 жылғы III тоқсанмен салыстырғанда 23,1% аз), 28,2 мың адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бір айта кетерлігі, қылмыс жасаған барлық анықталған адамдардың көпшілігі жұмыссыздар - 82,2% екен.
Орташа алғанда Қазақстанда қылмыс жасаған әрбір жетінші адам мас күйінде, әр тоғызыншысы дерлік – топ құрамында болған.
Қылмыс жасаған адамдардың 2,4%-ы - кәмелетке толмағандар.


09 қараша 2020 ж. 1 135 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10289)

23 наурыз 2024 ж.

№23 (10288)

19 наурыз 2024 ж.

№22 (10287)

16 наурыз 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031