» » Аудан қылмыс ең аз жасалатын аймақ ретінде тіркелді

Аудан қылмыс ең аз жасалатын аймақ ретінде тіркелді

Биыл 9 айдың қорытындысы бойынша аймақта 2262 салыстырулар, 832 мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде 1653 бұзушылықтар анықталған. Осындай заңдылықты бұзушылықты жою мақсатында қадағалау жұмыстары жүргізілуде.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің облыс бойынша басқарма басшысының орынбасары Сакен Ыдырыс мәлімдеді.
«Өңірімізде қылмыстың жай-күйін анықтайтын «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» енгізілген. Аталған карта келесі қағида бойынша жұмыс жасайды. Қылмыс жасалған соң, ол қылмыстық қудалау органдарында тіркеледі. Картада қылмыстың жасалған күні, уақыты, мекен-жайы және қылмыстың түрі көрсетіледі. Бұл карта ғаламтор желісінде http://qamqor.gov.kz мекен-жайы бойынша кез-келген азаматқа қолжетімді»,- дейді Ыдырыс Олжабайұлы.
Сонымен қатар, үстіміздегі жылы облыс аумағында қылмыс деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 14,9 пайызға төмендеген. Өңіріміз бойынша қылмыс аз жасалатын аймақ ретінде Қармақшы ауданы тіркелді.
syrboyi.kz
17 қазан 2019 ж. 1 581 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 868
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 531

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930