» » Жылу беру маусымына қам қалай?

Жылу беру маусымына қам қалай?

qarmaqshy-tany.kz Облыста жылу беру маусымына дайындық жүргізілуде, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар Қызметі
Аймақта өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында 15 қыркүйек пен 15 қазан аралығында "өрт қауіпсіздігі айлығы" жарияланды. Нәтижесінде Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тұрмыстағы электр және жылыту қондырғыларын, жылыту пешін, мұржаларын тазарту жөнінде үгіттеу-түсіндіру жұмысын жүргізді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында департамент бастығының орынбасары Руслан Қайрақбаев мәлімдеді.
- Өткен жылы жылу беру маусымында облыс бойынша 147 өрт оқиғасы тіркелген болатын. Биыл сондай олқылықтардың алдын алу мақсатында үгіттеу-түсіндіру жұмыстары жалғасын табуда. Тұрғындармен кездесу барысында пештің түтін жолдарын жылу маусымында 2-3 рет тазалау, өрт қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар, 15 қазанда өрт қауіпсіздігі айлығы аяқталғанымен ары қарай жылу беру маусымында қауіпсіздік шаралары жалғасады", - деді Руслан Сламбекұлы. Сондай-ақ, сала мамандары тұрмыстық пештердің техникалық жағдайына мән беріп, балаларды қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертті.
11 қазан 2019 ж. 1 366 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 268
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 424

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30