» » Өрт қауіпсіздігі айлығы өткізілуде

Өрт қауіпсіздігі айлығы өткізілуде

Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 04.12.2018 жылғы № 186 бұйрығына сәйкес 2018-2019 жылдардың жылу беру кезеңінде өрттерде адамдардың өлімі мен жарақаттануын қысқарту мақсатында іс-шаралар туралы хатына сәйкес 2018 жылғы 7 желтоқсаны мен 2019 жылғы 7 қаңтар аралығы «Өрт қауіпсіздігі айлығы» өткізілетіндігін хабарлаймыз.
Осыған байланысты Қармақшы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі тарапынан ауданымызда өрт қауіпсіздігі айлығы өткізілуде. Қармақшы аудандық № 5 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп әр аптаның сенбі күндері өртті болдырмау және алдын алу мақсатында тұрғын секторларда өрт қауіпсіздік профилактикалық жұмыстары жүргізілуде. Жеке тұрғын үйлерде өртті болдырмау, өрт қауіпсіздігін сақтау, өрттің тілсіз жау екендігі әрдайым айтылып келеді. Сонда да болса жеке тұрғын үйлерде дұрыс пайдаланбаған тұрмыстық пештерден өрт оқиғаларымен көмірқышқыл газымен улану фактілері өткен жылу маусымында біраз адамдарды әбігерге салды. Жеке тұрғын үйлерде ережеге сай салынбаған және қыстан кейін тазаланбаған, ақауы жөнделмеген жылу пештерінің салдарынан өрт және улану оқиғаларымен жиі кездесіп жатады. Күз айларында жылыту пештерін пайдалану кезінде оның түтін жолдарын, сылақ түскен жерлерін от қашу жолдарын мұқият тексеру керектігін еске саламыз.
Сондықтан тұрмыстық пештерге қатысты келесі ереже талаптары ұсынылады:
* Жылыту жүйелерi дұрыс жұмыстық күйiнде болуға тиiс.
* Түтiн арнасының құрастырылымында оларды күйеден кезеңдiк тазартуға арналған технологиялық тесiктер қарастырылуға тиiс.
* Жылу өндiргiш аппараттардың күлдiктерiн еден астындағы алшақтық кеңiстiгiмен қосуға тыйым салынады. Жылу өндiргiш аппараттардың күлдiктерiн жертөлелiк және цокольдық үй-жайлармен қосуға жанбайтын материалдардан жасалған арналар арқылы ғана рұқсат етiледi.
* Пеш есігінің алды ауданы 0,5 х 0,7 м оттық алдындағы металл табақпен қорғалған болуға тиiс.
* Қаңқалы пештер астындағы жанғыш едендер балшық ерiтiндiсiне көлденең төселген кiрпiштердiң бiр қатарымен немесе үстiнде қаңылтырмен жабылған, қалыңдығы 12 мм кем болмайтын таскендiр картонмен оқшаулануға тиiс, мұндайда пеш түбiнен еденге дейiнгi арақашықтық 100 мм кем болмауы керек.
* Жылыту пештерi мен жүйелерiнiң түтiн құбырлары, түтiндiктерi және басқа элементтерi тiкелей жылыту маусымының алдында, сондай-ақ көлемiнде: 1) үш айда бiр реттен кем болмай - жылыту пештерi үшiн; 2) екi айда бiр реттен кем болмай - үздiксiз әрекеттегi пештер мен ошақтар үшiн тазартылуға тиiс. Асхана плиталары және үздiксiз (ұзақ мерзiмде) от жағылатын басқа пештер айына бiр реттен кем болмай тазартылып тұруы керек.
* Пешті пайдалану кезiнде: 1) жағылатын пештi қараусыз қалдыруға; 2) жағу үшiн дайындалған отынды, сондай-ақ басқа жанғыш заттар мен материалдарды пештiң алдындағы табаққа орналастыруға; 3) қатты отын жағылатын пештердi жағу үшiн тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдануға; 4) пештердi пайдалану жөнiндегi нұсқаулықтарда қарастырылмаған жанғыш заттарды (қатты, сұйық, газ тәрiздi) отын ретiнде қолдануға; 5) пештi пайдалану жөнiндегi нұсқаулықта белгiленген уақыттан артық жағуға; 6) жанғыш заттар мен материалдарды (аяқ киiм, киiм, ағаш) пештер мен түтiндiктердiң беттерiнен 0,5 м кем болатын арақашықтықта кептiруге тыйым салынады.
* Пештiң оттығынан шыққан қызып тұрған немесе бықсып жатқан күлді өрттің туындауын болдырмайтындай етіп, арнайы қашықтатылған жерге әкетiлуі керек.
* Жанғыш заттарды, материалдарды, бұйымдар мен жабдықтарды пештердiң оттығының саңылауларына дейiн 1,25 м болатын және пештiң басқа қыздырылатын
бөлiктерiне дейiн 0,7 м кем болатын арақашықтықта орналастыруға тыйым салынады.
* Уақытша металл пештердi орнатқан кезде, мынадай өрт қауiпсiздiгi талаптары сақталуы керек: 1) металл пештердiң табандарының биiктiгi 0,2 м кем болмауы керек; 2) металл пештер мыналардан кем болмайтын арақашықтықта орнатылуға тиiс: 1 м - ағаш құрастырылымдардан, жиһаздан, тауарлардан, көрмелерден, сөрелерден, сатушы үстелдерiнен және басқа жабдықтардан; 0,7 м - лапылдап жанудан қорғалған құрастырылымдардан; 1,25 м - оттық саңылауларынан бастап ағаш құрастырылымдары мен басқа жабдықтарға дейiн.
* Металл түтiндiк құбырларды терезе арқылы шығарған кезде, оған өңдеудi ауыстыратын өлшемi түтiндiк құбырдың үш диаметрiнен кем болмайтын төбе жабатын темiрден жасалған жайма қоса салынуға тиiс. Құбырдың ұшы ғимараттың қабырғасына 0,7 м кем болмай орнатылып, биiктiгi 0,5 м қысқа құбырдан жоғары бағытталуы қажет. Жоғарғы қабаттан шығарылған қысқа құбыр ернеуден 1 м кем болмай шығып тұруға тиiс. Қысқа құбырға қақпақ орнатылуы керек.
Жоғарыда көрсетілген норма талаптарын орындамай өрттің туындауына себепкер болған тұлғаларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 410 бабы бойынша әкімшілік айыппұлдар салынады.
Сол себепті жоғарыда көрсетілген ереже талаптарын орындап тұрмыстық пештеріңіздің қыс маусымына әзірлігін тексеріп немесе жаңадан салынатын пешті білікті мамандарға салдырғандарыңыз өздеріңіз бен жақындарыңыздың өмірі мен денсаулығына және дүние мүліктеріңізді өрттен қорғауға бірден бір себебі болар еді.
Өрт болған жағдайда 101 нөмірін теріп өрт сөндіру бөліміне хабар беруді естеріңізге салады.
Назарқұлов Еркін Есетұлы
Қармақшы ауданының Төтенше
жағдайлар бөлімінің бас маманы
азаматтық қорғау майоры
24 желтоқсан 2018 ж. 1 380 1

JeaCold от 25 ақпан 2019 04:20
Does Amoxicillin Cure Chlamydia Comprare Torri Kamagra Orlistat Without Prescription In Canada generic cialis from india Cialis In Western Australia For Sale Acheter Cialis Danger Levitra Prix Casablanca

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031