» » Тұрғын үйде өрт қауіпсіздігін сақтайық

Тұрғын үйде өрт қауіпсіздігін сақтайық

     Жеке тұрғын үйлерде өртті болдырмау мақсатында, өрт қауіпсіздігін сақтау, өрттің тілсіз жау екендігі аз айтылып жүрген жоқ. Сонда да болса өрт оқиғалары жеке тұрғын үйлерде көп орын алып отыр. Кыс мезгілінде өрт болмайды деп ойлайтындар қателеседі. Қыс мезгілінде жеке тұрғын үйлерде ережеге сай салынбаған жылу пештерінің ақаулығынан өрт оқиғалары мен көмірқышқылгазымен уланып қалатын азаматтар кездесіп жатады. Қазір қыс айы. Дұрыс күтім жасалмаған, сондай – ақ дұрыс салынбаған жылу пештері талай азаматтарды сан соқтырып жүр. Негізінен ереже бойынша пештің түтін жолдары 3 айда бір рет ыстан тазартылып отыру қажет. Пештің түтін жолдары үйдің негізгі құрылысынан дербес орналастырылады. Үйдің қабырғасы және жабуы қималарындағы жанбалы құрылыс материалдарымен түтін жолы аралығында бос аралық (противопожарная разделка) кесекпен қаланған көлемі 38 сантиметр, отқа қарсы төзімділік құраммен өңделген қорғағыш пайдаланғанда 25 сантиметрге дейін бос аралық қалдырылуы тиіс.  Жылу пешінің алдындағы еденге көлемі 50х70 сантиметр қаңылтыр қағылады. Жылу пешін еденнің бетіне орнатуға болмайды. Уақытша қолдан жасалған темір пештерін орнатқан жағдайда, темір пештерінің аяқтарының биіктігі 0,2 метрден кем болмауы тиіс, еденнің бетіне бір қатар кесек өріліп, батпақпен сыланып темір пеш орнатылады. Ағаш конструкцияларынан және ағаш жићаздардан 1 метр қашықтықта, беті сыланған қабырғалардан 0,7 м қашықтықта орнатылуы тиіс. Негізінен келгенде пешті арнайы мамандығы бар кісілерге соқтырған жөн. «Өрт – тілсіз жау» - деп бекер айтылмаған. Қыстың күні боранда пештің тартпай қалуы, немесе саңылауларынан от қашуы салдарынан орны толмас қайғыға, материалдық шығынға әкеліп соқтыру әбден мүмкін. Сондықтан әбігерге түспес үшін жөндеу жұмыстарын жүргізуге, өрт қауіпсіздігі талаптарына сай етіп соғып алу қажет. Пеш дұрыс жанбаған, немесе жан – жағынан жалын шашқан жағдайда тездетіп арнайы маманға көрсетіп алған дұрыс. Өрт тілсіз жау. Аяқ астынан шыққан өрт зардабы, орны толмас өкінішке душар етеді. Бұл апаттан сақтану үшін әрбір тұрғын үй иесі сақтық шараларын жасауы керек.
  
    Өрт болған жағдайда 101 телефонына хабар беруді естен шығармаңыздар!
    
Қармақшы ауданының Төтенше
жағдайлар бөлімінің аға инженері
азаматтық қорғау аға лейтенанты
Ешмағанбетов Еламан Жамбылұлы
06 қараша 2018 ж. 3 635 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031