» » КӨМІРҚЫШҚЫЛ ГАЗЫ - АДАМ ӨМІРІНЕ ҚАУІПТІ

КӨМІРҚЫШҚЫЛ ГАЗЫ - АДАМ ӨМІРІНЕ ҚАУІПТІ

Биылғы жылу беру маусымы басталысымен облыс көлемінде тұрғындарының көмір қышқыл газына улану жағдайлары орын алуда.
Бұл оқиғаның негізгі себебі: пеш құдықтарының бітелуі мен дұрыс салынбауы және қауіпсіздік шараларын сақтамау. Сол себепті тұрмыстық пештеріңізге назар аударып, от жағу кезінде пешті қараусыз қалдырмау, пештің түтін жүретін жолдарын уақытылы тазартып, пешті білікті мамандарға салдырып, қарапайым сақтық ережелерін ұмытпағандарыңыз жөн.
Ереже талаптарына сәйкес жылыту пештерi мен жүйелерiнiң түтiн құбырлары, түтiндiктерi және басқа элементтерi тiкелей жылыту маусымының алдында, сондай-ақ көлемiнде:
1) үш айда бiр реттен кем болмай - жылыту пештерi үшiн;
2) екi айда бiр реттен кем болмай - үздiксiз әрекеттегi пештер мен ошақтар үшiн тазартылуға тиiс.
3) айына бiр реттен кем болмай-Асхана плиталары және үздiксiз (ұзақ мерзiмде) от жағылатын пештер тазартылып тұруы керек.
Көмірқышқыл газ мүлдем иіссіз болып келеді. Сондықтан, улану үрдісін адам мүлдем сезбей де қалуы мүмкін. Улану сонысымен қауіпті.
Көмірқышқыл газымен уланудың белгілері:
Адам тұншыға бастайды, бас ауруы пайда болады, есінен айрылады. Егер оны дер кезінде таза ауаға шығармаса, (немесе есінен танып жатқанда таза ауаға алып шықпаса), адамға өлім қаупі туындайды.
Көмірқышқыл газымен уланғанда көрсетілетін алғашқы көмек:
–уланған адамды таза ауаға шығару қажет
– егер зардап шегуші есін білсе, оны жатқызып, тыныштығы мен таза ауамен тыныстауын қамтамасыз ету қажет (газетпен желпу, желдеткіш немесе кондиционер қосу);
– егер зардап шегуші есінен танып қалса, жедел жәрдем келгенше немесе есін жиғанша жүрегіне жабық массаж және жасанды тыныстандыру әрекетін жасау қажет; 
– Естеріңізде болсын, зардап шегуші адамды иісті газ концентрациясы бар жерден алып шығу кезінде уланып қалмас үшін алдымен өзіңізді қауіпсіздендіріп алыңыз. Бұл үшін тез әрекет ету қажет және қол орамал немесе дәке арқылы тыныс алған жөн.
Төтенше жағдай орын алғанда 101 немесе 112 телефонына хабарласыңыздар.

Қармақшы ауданы Төтенше
жағдайлар бөлімінің бастығы
азаматтық қорғау подполковнигі
Сақтабаев Өмірбек Жаңабайұлы
06 қараша 2018 ж. 4 719 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 037

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031