» » Пешіңіз қысқа дайын ба?

Пешіңіз қысқа дайын ба?

Өткен жылы қыс мезгілінде тұрмыстық пештің ақауынан 6 өрт оқиғасы тіркеліп, бірнеше азамат ҚР Әкімшілік жауапкершіліКке тартылды. Бес адам көмірқышқыл газына уланып, өлім аузынан қалды. Сондықтан жылыту пешіңіз қауіпсіздікке төтеп бере ала ма?! Қыс қамын жаз ойлап, бұл істе көрегенділікпен болашағын барлай білген халық едік. Қытымыр қыс оқыс жағдайларға әкелмесін десеңіз, тиісті ережені қатаң сақтағаныңыз абзал.
Жылыту жүйелерi дұрыс жұмыстық күйiнде болуға тиiс.
– түтiн арнасының құрастырылымында оларды күйеден кезеңдiк тазартуға арналған технологиялық тесiктер қарастырылуға тиiс;
– жылу өндiргiш аппараттардың күлдiктерiн еден астындағы алшақтық кеңiстiгiмен қосуға тыйым салынады;
– жылу өндiргiш аппараттардың күлдiктерiн жертөлелiк және цокольдық үй-жайлармен қосуға жанбайтын материалдардан жасалған арналар арқылы ғана рұқсат етiледi;
– пеш есігінің алды ауданы 0,5 х 0,7 м оттық алдындағы металл табақпен қорғалған болуға тиiс;
– қаңқалы пештер астындағы жанғыш едендер балшық ерiтiндiсiне көлденең төселген кiрпiштердiң бiр қатарымен немесе үстiнде қаңылтырмен жабылған, қалыңдығы 12 мм кем болмайтын таскендiр картонмен оқшаулануға тиiс, мұндайда пеш түбiнен еденге дейiнгi арақашықтық 100 мм кем болмауы керек;
Жылыту пештерi мен жүйелерiнiң түтiн құбырлары, түтiндiктерi және басқа элементтерi тiкелей жылыту маусымының алдында, сондай-ақ көлемiнде:
1) үш айда бiр реттен кем болмай – жылыту пештерi үшiн;
2) екi айда бiр реттен кем болмай – үздiксiз әрекеттегi пештер мен ошақтар үшiн тазартылуға тиiс.
Асхана плиталары және үздiксiз (ұзақ мерзiмде) от жағылатын басқа пештер айына бiр реттен кем болмай тазартылып тұруы керек.
Пешті пайдалану кезiнде:
1) жағылатын пештi қараусыз қалдыруға;
2) жағу үшiн дайындалған отынды, сондай-ақ басқа жанғыш заттар мен материалдарды пештiң алдындағы табаққа орналастыруға;
3) қатты отын жағылатын пештердi жағу үшiн тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдануға;
4) пештердi пайдалану жөнiндегi нұс­қау­лықтарда қарастырылмаған жанғыш заттарды (қатты, сұйық, газ тәрiздi) отын ретiнде қолдануға;
5) пештi пайдалану жөнiндегi нұсқаулықта белгiленген уақыттан артық жағуға;
6) жанғыш заттар мен материалдарды (аяқ киiм, киiм, ағаш) пештер мен түтiндiктердiң беттерiнен 0,5 м кем болатын арақашықтықта кептiруге тыйым салынады.
Пештiң оттығынан шыққан қызып тұрған немесе бықсып жатқан күлді өрттің туындауын болдырмайтындай етіп, арнайы қашықтатылған жерге әкетiлуі керек.
Жанғыш заттарды, материалдарды, бұйымдар мен жабдықтарды пештердiң оттығының саңы­лауларына дейiн 1,25 м болатын және пештiң басқа қыздырылатын бөлiктерiне дейiн 0,7 м кем болатын арақашықтықта орналастыруға тыйым салынады.
Уақытша металл пештердi орнатқан кезде, мынадай өрт қауiпсiздiгi талаптары сақталуы керек:
1) металл пештердiң табан биiктiгi 0,2 м кем болмауы керек;
2) металл пештер мыналардан кем болмайтын арақашықтықта орнатылуға тиiс:
1 м – ағаш құрастырылымдардан, жиһаздан, тауарлардан, көрмелерден, сөрелерден, сатушы үстелдерiнен және басқа жабдықтардан;
0,7 м – лапылдап жануд ан қорғалған құрастырылымдардан;
1,25 м – оттық саңылауларынан бастап ағаш құрастырылымдары мен басқа жабдықтарға дейiн.
Металл түтiндiк құбырларды терезе арқылы шығарған кезде, оған өңдеудi ауыстыратын өлшемi түтiндiк құбырдың үш диаметрiнен кем болмайтын төбе жабатын темiрден жасалған жайма қоса салынуы тиiс. Сондай-ақ, құбырдың ұшы ғимараттың қабырғасына 0,7 м кем болмай орнатылып, биiктiгi 0,5 м қысқа құбырдан жоғары бағытталуы қажет. Ал жоғарғы қабаттан шығарылған қысқа құбыр ернеуден 1 м кем болмай шығып тұруға тиiс. Қысқа құбырға қақпақ орнатылған жөн. Жоғарыда көрсетілген норма талаптарын орындамай өрттің туындауына себепкер болған тұлғаларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 410 бабы бойынша әкімшілік айыппұл салынады.
Төтенше жағдай орын алған жағдайда 101 немесе 112 телефонына хабарласыңыздар!


Еркін Назарқұлов,
аудандық Төтенше жағдайлар
бөлімі бастығының міндетін
атқарушы.
27 қыркүйек 2018 ж. 1 180 1

JeaCold от 23 ақпан 2019 10:56
Buy Tamoxifen Comprar Levitra generic cialis overnight delivery Viagra Verkauf Ohne Rezept Buy Generic Isotretinoin Internet Visa With Free Shipping Female Kamagra

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 141

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 141

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 290

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930