» Қылмыстылық деңгейі 12 пайызға төмендеген

Қылмыстылық деңгейі 12 пайызға төмендеген

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының бөлім бастығы Мади Әбішев мәлімдеді.

Өңірде есепті кезең ішінде 3 544 қылмыс тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4 мыңға, яғни 12 пайызға төмендеген. Қылмыстардың басым бөлігі ұрлық деректері бойынша анықталған. Бүгінде ұрлық істері қылмыстың 59,4%-ын құрайды.

Мамандар «Қылмыстық құқықбұзушылықтар картасы» аналитикалық жүйесі арқылы қылмыстылықты алдын алу мүмкіндігіміз жоғары дейді.

- Құқықбұзушылық картасымен жұмыс істеу процесі кез келген қылмыс қылмыстық қудалау органдарында тіркеледі. Осы уақыттан бастап, қылмыс картада пайда болады, онда қылмыс жасалған күні, уақыты, мекен-жайы және қылмыстың түрі көрсетіледі. Бұл карта ғаламтор желісінде http://qamqor.gov.kz мекен-жайы бойынша кез келген азаматқа қолжетімді,-дейді Мәди Әбішев.

Айту керек, аймақта қоғамдық орында жасалған қылмыстардың саны 1132-ден 745-ке дейін төмендеген.
#Қызылордаоблысы
#Сырелі
#РСК
---
27 тамыз 2019 ж. 1 228 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 868
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 531

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930