» » Қызылорда облысында 350-ге жуық мал ұрлығына қатысы бар 36 адам ұсталды

Қызылорда облысында 350-ге жуық мал ұрлығына қатысы бар 36 адам ұсталды

Қызылорда облысында мал ұрлығын жасаған 36 адам қолға түсті. Олардың 339 қылмысқа қатысы бары анықталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Биылғы төрт айда Қызылорда облысында 159 мал ұрлығы тіркелген. 2018 жылы 220 қылмыс анықталған болатын. Биыл ауыр қылмыстар саны артқан. Былтыр олардың саны бесеу болса, биыл 16 дерек тіркелді. Жыл басынан бері 339 мал ұрланған. Олардың небәрі 117-і табылып, иелеріне қайтарылған.  Қызылорда облысы Полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы мал ұрлығын жасаған 36 адамды қолға түсірді. Олардың 339 қылмыс жасағаны дәлелденіп отыр. Талдауға сәйкес 65% жағдайда мал еркін жайылымнан, ал қалған 35 пайызында ауладан және қоралардан ұрланған.
«Соңғы кездері өрісте жүрген малдарды сойып алып кету деректері орын алуда. Барлығы 31 факті анықталды. Қараусыз жайылып жүрген малды сойып алып кету бойынша Қызылорда қаласы мен Шиелі ауданында - 7-ден, Жаңақорғанда - 10, Қармақшыда - 4, Жалағашта - 2, Арал ауданында 1 қылмыс жасалды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

01 шілде 2019 ж. 1 240 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 598
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 380

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031