» » Аудан прокуроры БАҚ өкілдерімен кездесу өткізді

Аудан прокуроры БАҚ өкілдерімен кездесу өткізді

qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданының прокуроры М.Маханбетжанов қадағалау саласында атқарылған және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар жөнінде баспасөз өкілдерімен кездесу өтті.
Брифинг барысында аудан прокуроры М.Маханбетжанов қадағалау аумағындағы қылмыстылық жағдайына тоқталды.
– 2022 жылы аудан көлеміндегі қылмыстылық 2021 жылмен салыстырғанда  24% (135/102) азайған. Аталған төмендеу динамикасына құқық бұзушылық профилактикасы аясында жүргізілген кешенді шаралар оң әсерін тигізді. Осындай шараларға қарамастан жекелеген қылмыс түрлері көбейген. Яғни, жол жүрісі қағидаларын бұзу үш есеге (3/9), есірткі қылмыстары  8% (12/13), жалған құжат жасау екі жарым есеге (3/7) өскен. Сондай-ақ мал ұрлығы, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылық мәселелері аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы бойынша ведомствоаралық комиссияда бірнеше рет қаралып, тиісті іс-шаралар белгіленді. Аудан көлемінде қылмысқа бейім 300-ге жуық адамдардың тізімі жасақталып, тәуекел топтарына жіктеліп, олар негізінен үш санатқа бөлінген және тәуекел дәрежесіне қарай тиісті жұмыстар жүргізілуде, – аудан прокуроры М.Маханбетжанов.
Алаяқтық, мал ұрлығы, есірткінің заңсыз айналымы қылмыстарының алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрғындарды қылмыстық құқық бұзушылықтан қорғау мақсатында аудан көшелерінде билбордтар ілініп, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Өткен жылы аудандық полиция бөлімімен тіркелген қылмыстық істер бойынша тергеп-тексеру әрекеттері 100% электронды нысанда жүргізілді.
Қылмыстық істердің тергеп-тексеруін электронды нысанда жүргізу барынша ашықтықты қамтамасыз етіп, тергеушінің, прокурордың және соттың жұмысын бағалауға мүмкіндік бере отырып, дәлелдемелерді бұрмалау, заңсыз шешімдер шығару мүмкіндігін болдырмайды.
Сонымен қатар, брифингте М.Маханбетжанов өткен жылдың қараша айында Мемлекет Басшысымен қол қойылған «Прокуратура туралы» Конституциялық заңның ерекшеліктеріне де тоқталды.
Заңда Бас Прокурордың Конституциялық Сотқа және Жоғарғы Сотқа жүгіну құқықтары, прокуратура органдарының жүйесі және ондағы әр буынның негізгі функциялары, өкілеттіктері, құқықтары мен міндеттері нақтыланып, жекелеген баптармен бекітілген.
Қадағалаудың үш нысаны айқындалды - заңдылықтың сақталуын тексеру, заңдылықтың жай-күйін талдау, күшіне енген актілерді бағалау.
Жеке кәсіпкерлікті тексеру тек Президент пен Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша тағайындалады. Конституциялық заңмен прокуратура органдары қарайтын өтініштердің тізбесі кеңейтілді.
Оларға өз құқықтарын өз бетінше қорғай алмайтын адамдардың, кәмелетке толмағандардың, адамдардың шектелмеген тобының құқықтарын қорғау үшін, егер уәкілетті орган азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етпесе не уәкілетті орган болмаған жағдайларда, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау үшін, Ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерді болғызбау үшін, адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге алып келетін заңдылықтың бұзылу фактілері бойынша, Президент пен Бас Прокурордың тапсырмалары бойынша қаралатын өтініштер жатады.
Аталған заңдағы бұдан да басқа назар аударатын тұстар жеке аталып, олардың ерекшеліктері түсіндірілді.
Кездесу барысында аудан прокуроры жоғарыда аталғандардан бөлек қадағалаудың басқа да салалары бойынша атқарылған жұмыстар мен нәтижелерге тоқталды.
Брифинг соңын БАҚ өкілдерінің сұрақ-жауапқа жалғасты.
"Қт" ақпарат 
12 қаңтар 2023 ж. 510 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 061

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031