» » Бала – біздің болашағымыз

Бала – біздің болашағымыз

Бала – өміріміздің жалғасы, көз қуанышымыз. Бала – дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада қалыптасып, толысып, әрленеді. Баланың басты ұстазы – ата-анасы. Бала ата-анасының, ата-ана баласының жан-дүниесін түсінбейінше, іс алға баспайды. Ата-ана мұғалімге көмекші, сенімді тірек болса, мұғалім де сондай болуы керек. Екі жақты байланыс нығайғанда ғана, барлық күрделі мәселелердің түйіні шешіледі.
Алайда соңғы кездері оқушылар арасында қорқыту, қорлау, ұрып-соғу, зорлық-зомбылықтың жиілеп кеткені әлеуметтік желіде айтылып жүр. Бұл әрине, жақсы нәрсе емес.
Балаға келер қауіптің алдын алу ең алдымен отбасынан басталады. Оны дұрыс жолға бағыттау – ата-ананың міндеті. Үйдегі тәрбие баланың іс- әрекетінің қандай екенін айғақтап тұрады. Олардың арасындағы буллинг те, қатыгездік те, бала құқығын таптау да осыған келіп тіреледі. Бұған қоғам болып тосқауыл қою керек.
Мағжан Жұмабаев: «Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда да ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер... бала тар ойлы ақымақ болса, бала кінәлі емес, тәрбиеші кінәлі, бала сұлулықтан ләззат ала алмайтын мылқау болса, бала айыпты емес, тәрбиеші жазалы» деп айтып кеткен. Яғни, «Балам өнегелі болсын десең баланы емес, өзіңді тәрбиеле» демекші, оның тәрбиелі болуы ата-анасы мен ұстаздарына, ортасына тікелей байланысты.
Қымбат БЕРДЕШ
01 желтоқсан 2024 ж. 241 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930