» » «Отбасындағы ата-ананың міндеті мен бала құқығы»

«Отбасындағы ата-ананың міндеті мен бала құқығы»


qarmaqshy-tany.kz Отанымыздың ертеңі де, өркені де – бүгінгі ұрпақ. Сол ұрпақтың тәлімді де тәрбиелі болуы алдыңғы толқынның парызы мен қарызы десек, еш қателеспейміз.
Бала тәрбиесінде ата ананың алар орны да ерекше. Өйткені «Құс ұясында не көрсе, соны алады». Яғни, отбасындағы тәлім-тәрбие, ата-ананың баламен қарым-қатынасы ұядан басталады. Тәрбиесі жақсы баланың өмірі де жақсы болатыны анық. Ендеше бала тәрбиесі ата-ананың міндеті, мектеп білім берумен шектеледі деу қате ұғым. Дана халқымызда «Ұстаз мейірі мен ана мейірі егіз» деген сөз бар. Бала мектеп табалдырығын аттап, білім ұясынан қанат қағып үлкен өмірге қадам басқанға дейін ұстаздың тәрбиесін алады.
Осы орайда, «Отбасындағы ата-ананың міндеті мен бала құқығы» атты тақырыпта Қармақшы аудандық полиция бөлімінің ЖПҚб-нің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының ұйымдастыруымен сала мамандарын тарта отырып кентіміздің Ү.Томанов атындағы №183 мектебінің 10 сынып оқушыларымен бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес кездесу өткізілді.
Кездесуде: бала денсаулығына қамқорлық жасау, баланың үздіксіз дамуын қадағалау, тәрбиесі мен мамандық таңдауына көмектесу, баланы өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі дамытуға баулу туралы айтылды. Баланың жан-жақты дамуына жағдай жасау жатады. Бала тәрбиесі – ата-ана үшін күрделі де жауапты міндет. Ата-аналардың үйдегі іс-әрекеті де жауапты міндет. Сондықтан да жақсы да, жаман да ісіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор. Кездесу соңында оқушылар қойылған сұрақтарына кері байланыс жасап, көкейлерінде жұрген сұрақтарына жауаптарын алып, әсерлерімен бөлісті.

Қармақшы АПб-мі ЖПҚб-нің ӘЗЗҚт-ы

01 наурыз 2023 ж. 608 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031