» » Отбасындағы зорлық-зомбылық соңы неге апарады?

Отбасындағы зорлық-зомбылық соңы неге апарады?

qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданы көлемінде ағымдағы жылдың 25 қараша -10 желтоқсан аралығында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» науқаны басталды. Ақцияның мақсаты - тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы тұру, полиция деңгейін арттыру, отбасының қоғамдық рөлін нығайту мақсатында өткізілуде.
Осыған байланысты, Қармақшы ауданы Ақтөбе, Дүр Оңғар ауылдық округтерінің №107, №109 мектептерінің 8-11 сынып оқушыларының қатысуымен іс-шара өткізілді. Іс-шараға Қармақшы ауданы полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің инспекторы полиция капитаны А.Касимова, Ювеналдық полиция тобының аға инспекторы полиция майоры Г.Исмайлова, аудандық емханасының психо-әлеуметтік кеңес беру кабинетінің дәрігері А.Балмаханова және аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Тоқшылықовалар қатысты.
Іс-шарада айтылған мәселелердің бірі: жасөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жолын кесу, жалпы отбасындағы құндылықтар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Біздің ұлы бабамыз Әбу Насыр Әл-Фараби:«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілу керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» - деген болатын. Отбасындағы тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған заңды нормалар жетілдірілді. Егерде дүниеде зорлық-зомбылық болмаса адам өмірі, адамзат дүниесі сұлу да әсем болар еді.
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады, - деп айта кетсек қатер болмас. Балалар – еліміздің болашағы. Оларды тәрбиелеу, оқыту, білім беру, болашаққа қадам бастыртып осы өмірде өз орнын таптыру әр ата-ананың міндеті. Өткізілген кездесуден оқушылар үлкен әсер алып қайтты.
Қармақшы АПб-і ЖПҚб-нің ӘЗЗҚт-ы
28 қараша 2022 ж. 505 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 373
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 148

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930