» » Мобильдік топтың жұмысы жалғасын табуда

Мобильдік топтың жұмысы жалғасын табуда


Қазақстанда балалар, бүкіл әлемдегідей, үйінде, мектепте және басқа да қоғамдық мекемелерде күнделікті қатыгездікпен және зорлық-зомбылықпен ұшырасып отырады. Бала үшін ата-анасының үйі әрқашан ең қауіпсіз жер бола бермейтінін айғақтайтын фактілер жиі кездеседі. Балаларға қатысты зорлық-зомбылық көрсету проблемасы бойынша мәліметтер мен жетік статистикалық деректердің жетіспеу проблемасы бар елдердің қатарына Қазақстан да жатады. Бүгінде барша әлем елдерінде белең алған тұрмыстық заң бұзушылық біздің елімізде де өзекті мәселелердің бірі болып келеді. Зерттеулер бойынша оның басты себептерінің біріне етек алған маскүнемдік, жұмыссыздық, соған байланысты тұрмыс жағдайының ауырлығы сияқты әлеуметтік жайлар жатады. Тұрмыста жапа шегетіндер негізінен әйел адамдар.
Осыған орай, ағымдағы жылдың мамыр айында Қармақшы ауданы Тұрмағамбет ауылдық округтерінің мектептерінде 9-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Жасөсіпірімдердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін сақтау және құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында кездесу өткізілді.
Кездесуге: аудандық білім бөлімінің әдіскері Тоқшылықова Ақтолқын Каналбекқызы, АПб-нің ЖПҚб-нің ЮПт-ның қызмет аға инспекторы полиция майоры Исмайлова Гүлмира Білімжанқызы, Әйелдерді зорлық-зомбылықтың қорғау тобының инспекторы полиция капитаны Касимова Айнур Шакизадаевналар қатысты.
Кездесудің мақсаты – құқық бұзушылықтың алдын алу, профилактикалық шараларын ұйымдастыру, жасөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру және оның түрлерін атап өту, отбасындағы әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық алдын алу, жолын кесу және де жалпы отбасындағы құндылықтар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Қармақшы АПб-нің ЖПҚб-нің ӘЗЗҚт-ы
11 мамыр 2022 ж. 559 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 037

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031