» » Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық қылмысқа алып келуі мүмкін

Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық қылмысқа алып келуі мүмкін

Қазақстанда отбасылық зорлық-зомбылық мәселесі өзекті болып тұр. Карантин кезіндегі шектеу тұрмыстық зорлық-зомбылықтың артуына әкелді. Төрт қабырғаға қамалған адамдар бір-бірін естуден, түсінуден қалып жатыр. Әлеуметтік қаржылық жағдайдың қиындауы, күйзеліс, коронавирус жұқтырғандар, індеттен қайтыс болғандар туралы толассыз ақпарат адамдар психологиясына әсер етті. Онсыз да далаға шықпай, жүйкелері сыр бере бастағандардың ашу-ызасын арттыра түсті.
Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық орын алуына ер азаматтарының алкагольге тәуелді болуы және бұл зорлық-зомбылықтың орын алуына ең негізгі фактор болып табылады. Нәтижесінде отбасыларының шаңырағы бұзылып, балалар зардап шегеді. Ең бастысы зорлық-зомбылық кей жағдайларда ауыр қылмыстардың орын алуына алып келеді. Біздің қалыптасқан менталитетімізге байланысты көптеген әйелдер отбасыларындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтарына шыдап, оны жасырып келеді деп сеніммен айта аламыз. Мұның бәрі аянышты нәтижелерге алып келеді.
Отбасындағы зорлық-зомбылық бұл – қазіргі біздің дамыған қоғамымыздағы көкейкесті мәселе, нәтижесінде одан жиі әйелдер зардап көреді десе өтірік емес. Статистикаға сәйкес, елімізде: әрбір үшінші отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылық болады, әрбір жетінші әйел экономикалық зорлық-зомбылыққа ұшырайды, әрбір алтыншы әйел физикалық зорлық-зомбылықты бастан кешеді және әрбір үшінші әйел психологиялық зорлық-зомбылыққа тап болады делінген.
Сондықтан, отбасы ол – қоғамның ұясы, осыған орай ондағы денсаулық жағдайы мемлекеттің қолайлы дамуына әсерін тигізеді, яғни бұл әрбір азаматтың мүддесі. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы тұруына, тіпті ол басқа отбасында орын алса да, қатыспай қалуы әрбір азаматтың міндетіне жатады деп мен сенім білдіремін. Өйткені, тек бәріміз бірге ғана аталған жамандыққа тойтарыс бере аламыз.

Қармақшы АПб-і ЖПҚб-нің ӘЗЗҚт-ы

19 тамыз 2021 ж. 1 063 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 022

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031