Акция бойынша дөңгелек үстел өткізілді

Кездесуге Аудандық «Ақмешіт адалдық алаңы жобалық кеңсесінің» төрағасы Ш.Құндақбаев, аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы – аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Г.Раева, Қармақшы ауданы полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция капитаны А.Касимова, Қармақшы «Жастар денсаулық орталығының» психологі Ә.Т.Кетебаева, Қызылорда облысы дін істер басқармасының Қармақшы ауданы бойынша теологі Ж.Ысқақов, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Н.Бейбітов, Қармақшы аудандық жастар ресурстық орталығының маманы Ө.Бижанов, Қармақшы ауданы III-Интернационал аулының №108 мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Д.Байрахтарова, Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің консультанті Д.Күйескеновалар қатысты.
Кездесуде айтылған мәселелердің бірі: отбасындағы әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбы, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, жолын кесу, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау, жалпы отбасындағы құндылықтар жөнінде әңгімелер қозғалып, жастардың ұсыныс пікірлері тыңдалды.
Кездесуде тұрмыстық зорлық-зомбылық, отбасындағы құндылықтар жөнінде әңгімелер қозғалып, жастардың ұсыныс пікірлері тыңдалды.
Қармақшы АПб-і ЖПҚб-нің ӘЗЗҚт-ы