» » «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» атты республикалық акциясы өткізілуде

«Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» атты республикалық акциясы өткізілуде

      
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 09.06.2021 жылғы №1-5-6-74/1790-И санды нұсқауына және ІІМ-нің 2021 жылға арналған Операциялық жоспарына сәйкес, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы халықты ақпараттандыру, олардың полиция органдарына сенімін арттыру, қоғамда отбасының рөлін нығайту мақсатында ағымдағы жылдың 21 маусым – 30 маусым аралығында «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол ЖОҚ» атты республикалық акциясы өткізілуде.
Акцияның негізгі мақсаты –  әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, тоқтату, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасауға бейім адамдармен жеке-профилактикалық жұмысты жүзеге асыру болып табылады.
Қазіргі күнде тұрақты проблемалардың бірі отбасындағы зорлық зомбылық мәселесі.
Зорлық-зомбылық құқықта – бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы деп айтылған.
Мысалы тән азабын шектірген зорлыққа – адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып соғу, денесіне зақым келтіру.
Жан азабын шектіретін зорлық – жәбірленушінің қарсылық көрсетуіне, өз құқықтары мен мүдделерін қорғауына деген ерік-жігерін жасыту үшін қорқыту, адамның психикасына әсер етуі.
Психологиялық зорлық-зомбылық балаға көңіл бөлмеу, кері итеру, баланы қорқыту, бақылау, баланың мінезіне ықпал етуі және т.б. Зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін біріншіден, мектеп мұғалімдері, психологтар, ата-аналар ат салысуы керек.  Зорлық-зомбылықтың алдын алу, халықтың арасында құқықты түсіндіру, барлық адамдарға құрметпен қарау қөзқарасын қалыптастыру.   
«Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ»атты республикалық акциясы аясында бөлімнің ЖПҚб-нің УПИ-ры, ЮПт-ы, ӘЗЗҚт-ы күшейтілген жұмыс түріне көшіріліп, тұрмыста құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды, сондай-ақ қолайсыз отбасыларды, ІІО-ның профилактикалық есебінде тұрған тұлғаларды тұрғылықты мекен-жайы бойынша тексеру және де аудан бойынша құқық бұзушылықтар жасауға  бейім адамдар заңға қайшы іс-әрекеттер жасауға жол бермеу мақсатында жұмыстар жүргізілетін болады.
Егер де Сіз отбасындағы зорлық-зомбылыққа душар болсаңыз үнсіз қалмаңыз!
Сіздер үшін арнайы сенім телефоны тәулік бойы кез-келген нөмірден тегін жұмыс жасайды. Сенім телефоны: «102» арнасы немесе 8-778-283-09-54. Қоғамда зорлық-зомбылыққа жол жоқ.
Айнұр КАСИМОВА,
Қармақшы АПб-нің ЖПҚб-нің ӘЗЗҚт-ның инспекторы,
полиция капитаны

23 маусым 2021 ж. 1 211 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 399
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 200

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930