» » Мектептегі кездесу

Мектептегі кездесу

Ағымдағы жылдың қазан айының 26-27 жұлдызы аралығында Құқық қорғау органдарының өкілдері мен мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, ата-аналар комитетінің төрағалары, әкелер кеңес өкілдерінің қатысуымен мобильдік топ құрылып, карантиндік талаптарды сақтай отырып, Қармақшы ауданы ІІІ Интернационал, Дүр Оңғар, Т.Көмекбаев, Қуандария, Алдашбай ахун ауылдық округтерінің мектептерінде 8-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Жасөсіпірімдердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін сақтау және құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында кездесулер өткізілді.
Кездесуге: Қармақшы аудандық прокурорының орынбасары Мұратов Әнуар Әбдіғалиұлы, аудандық білім бөлімінің әдіскерлері Тоқшылықова Ақтолқын Каналбекқызы және Тоқабаев Берік Крайбекұлы, АПб-нің ЖПҚб-нің ЮПт-ның аға инспекторы полиция майоры Исмайлова Гүлмира Білімжанқызы, Әйелдерді зорлық-зомбылықтың қорғау тобының инспекторы полиция капитаны Касимова Айнур Шакзадаевна, Қармақшы «Жастар денсаулық орталығының» психологі Кетебаева Әмина Тахирқызы, «Төретам Жастары» ЖҚБ төрағасы Маханова Гүлжазира Бекетқызы және аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің әдіскері Бүркітбаева Әсел Бердібекқызы қатысты.
Кездесудің мақсаты – құқық бұзушылықтың алдын алу, профилактикалық шараларын ұйымдастыру, балалар мен жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін сақтау, жасөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру және оның түрлерін атап өту, отбасындағы әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық алдын алу, жолын кесу, ерте жүктілік, жеке басының гигиенасы және де жалпы отбасындағы құндылықтар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс шара барысында мамандар өз салалары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ойларын ортаға салып, соңыңда мектеп оқушыларымен кері байланыс жүргізіліп, оқушылар осы кеңестері үшін ризашылығын айтып алғыстарын білдірді.

Қармақшы АПб-нің ЖПҚб-нің ӘЗЗҚт-ы
01 қараша 2021 ж. 637 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930