Оқушылармен кездесті

Кездесуге: аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Тоқшылықова, АПб-нің ЖПҚб-нің ЮПт қызмет аға инспекторы полиция майоры Г.Исмайлова, Әйелдерді зорлық-зомбылықтың қорғау тобының инспекторы полиция капитаны А.Касимова қатысты.
Кездесудің мақсаты – оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат беру, өз құқықтарын жете білу, құқық бұзушылықтың алдын алу, балалар мен жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін сақтау, жасөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жолын кесу және жалпы отбасындағы құндылықтар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс шара барысында мамандар өз салалары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ойларын ортаға салып, соңыңда мектеп оқушыларымен кері байланыс жүргізіліп, оқушылар осы кеңестері үшін ризашылығын айтып алғыстарын білдірді.
Қармақшы АПб-нің ЖПҚб-нің ӘЗЗҚт-ы