» » Бала құқығы – басты құндылықтың бірі

Бала құқығы – басты құндылықтың бірі

Құқық қорғау органдарының өкілдері және аудандық білім бөлімі Балалар жылына байланысты «Бала қорғау» бөлімі бойынша «Бала құқығы – басты құндылықтың бірі» тақырыбында ағымдағы жылдың ақпан айының 24 жұлдызында карантиндік талаптарды сақтай отырып, Қармақшы ауданы ІІІ-Интернационал ауылдық округінің №108, Иіркөл ауылдық округінің №106, Төребай би елді-мекеніндегі №199 мектептерінде 5-11 сынып оқушыларының қатысуымен кездесу өткізілді.
Кездесуге: Қармақшы аудандық прокурорының орынбасары Ә.Мұратов, аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Тоқшылықова, АПб-нің ЖПҚб-нің ЮПт УПИ-ры полиция С.Макешов, Әйелдерді зорлық-зомбылықтың қорғау тобының инспекторы полиция капитаны А.Касимова, Қармақшы «Жастар денсаулық орталығының» психологі Ә.Т.Кетебаева, Қармақшы аудандық жастар ресурстық орталығының қоғаммен байланыс ісі жөніндегі мамасы Г.Маханова, ата-аналар комитетінің төрағасы Ә.Қаракөзиев және аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің әдіскері Ә.Бүркітбаева қатысты.
Кездесудің мақсаты – оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат беру, өз құқықтарын жете білу, өз беттерімен салыстыра білу, өмірде қолдана білуге үйрету, құқықтық білімдерін толықтыру, құқық бұзушылықтың алдын алу, балалар мен жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін сақтау, жасөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және жалпы отбасындағы құндылықтар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Қармақшы АПб-нің ЖПҚб-нің ӘЗЗҚт-ы

25 ақпан 2022 ж. 999 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

№63 (10431)

23 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 296
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Жосалы жаңару жолында
26 тамыз 2025 ж. 1 739

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930