» » Қыз тәрбиесі – ұлт болашағы

Қыз тәрбиесі – ұлт болашағы


Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Қыз баланы тәрбиелеу – ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Отбасы – қоғамның бір бөлшегі. Ал отбасының алтын қазығы – әйел адам. Тәрбиелі қыз өсіру – елінің салиқалы ұрпағын тәрбиелеу. Біздің ұлтымыздың санасының қалыптасуына, тәрбиелі болуына, саналы ұрпақ болуына осы қыздардың үлесі зор.
Атап айтқанда, ағымдағы жылдың сәуір айының 28 жұлдызында Жосалы кентінде аудандық білім бөлімінің Ш.Уәлиханов атындағы №26 мектебінің ұйымдастыруымен «Қыз тәрбиесі – ұлт болашағы» атты тақырыбында мектепішілік аналар жиналысы өткізілді.
Іс-шараға: аудандық Әйелдер кеңесінің төрайымы Г.Раева, аудандық Полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция капитаны А.Касимова, Қармақшы аудандық емхананың акушері Ә.І.Мерекова, Қармақшы аудандық емханасының Салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің маманы Д.Құлмырзаева және Қызылорда облысы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Қармақшы ауданы бойынша этносаралық сарапшысы, кеңес хатшысы А.Нұрмағанбетовалар шақырылды.
Осы ойды қыздарға сіңіруді мақсат еткен шарада қыз баланың әдеп ережелері тақырыбында баяндамалар оқылып, өзара талқыға түсті. Қыз баланың тәлім-тәрбиесіндегі ерекшеліктер ортаға салынып, қазақ анасының бейнесі ашылды.
Сонымен қатар жалпы қоғамда аналардың рөлі қандай, әйелдерге қарсы жасалатын қылмыстардың өсім алуы, отбасындағы әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбы, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, жолын кесу, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау, жалпы отбасындағы құндылықтар жөнінде әңгімелер қозғалып, ұсыныс пікірлері тыңдалды.

Қармақшы АПб-нің ЖПҚб-нің ӘЗЗҚт-ы

29 сәуір 2022 ж. 2 710 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031