» » Акция аясында дөңгелек үстел ұйымдастырылды

Акция аясында дөңгелек үстел ұйымдастырылды

Қармақшы АПб-мі ЖПҚб-нің ӘЗЗҚт-ы және үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен ағымдағы жылдың 25 қарашасынан бастап 10 желтоқсан аралығында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясына байланысты аудандық кітапханада дөңгелек үстел отырысы өткізілді.
Іс-шараға аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы – аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Г.Раева, Қармақшы ауданы полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция капитаны А.Касимова, Қармақшы «Жастар денсаулық орталығының» психологы Ә.Т.Кетебаева, аудандық емханасының облыстық өмір салтын қалыптастыру орталығының Қармақшы аудандық бөлімшесінің маманы Д.Құлмырзаева, Қызылорда облысы дін істер басқармасының Қармақшы ауданы бойынша теологі Ж.Ысқақов, Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы Ж.Жүсіпәлиева, Қармақшы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры К.Қаниева, «Төретам Жастары» ЖҚБ төрағасы Г.Маханова, Аналар кеңесінің төрайымы Т.Әбенова, аудандық емхананың акушері Ә.Мерековалар қатысты.
Іс-шара мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, оның құрбандарына әлеуметтік көмек пен құқықтық көмек көрсетудің тетіктерін арттыру, дәстүрлі және отбасылық құндылықтарды нығайту, жас ұрпақтың рухани-адамгершілік білімін арттыруға бағытталды.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына және «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» Халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты көрсетуді жою күні аталуына байланысты денсаулық сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау және әлеуметтік-еңбек мәселелері бойынша халыққа сапалы қызмет көрсетуге белсене қатысқаны үшін Кетебаев Әмина Тахирқызы, халықты дұрыс діни ақпараттандыруға бар күш-жүгерін салып, ауданымыздын мәдениетінің дамуына, халық арасында дін мен дәстүрді насихаттауға қосқан үлесі үшін Қызылорда облысы дін істер басқармасының Қармақшы ауданы бойынша теологі Ысқақов Жалғасбек Ібанұлы және жастардың жарқын болашағы үшін үлес қосқан және әлеуметтік-еңбек мәселелері бойынша халыққа сапалы қызмет көрсетуге белсене қатысқаны үшін Маханова Гүлжазира Бекетқызы Аудандық полиция бөлімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
30 қараша 2021 ж. 574 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031