» » Бала тәрбиесіне бей-жай қарамайық

Бала тәрбиесіне бей-жай қарамайық


Соңғы кездері қазақ баласының таным-түсінігінде болмаған, сөздік қорына да енбеген «педофил» деген атау пайда болды. Неткен тұрпайы сөз! Неткен өкініш! Ақпарат тез тарайтын уақытта күнде бір сұмдықты естіп, жүрек шайылатын жағдайға жеттік. Кішкентай ғана қызғалдақтарға қалай ғана жәбір көрсеткенін түсіне алмайсың, түсінгің де, ойлағың да келмейді. Хакім Абай: «Ішсем, жесем, ұйықтасам деген – тән құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген – жан құмары» дейді. Демек, бізге адамгершілік қағидаларын ұстану сынды мәселелер Адам болған жерде қылмыстың болуы заңдылық шығар. Десек те адам баласының зорлық-зомбылық оқиғалары жиілеп кетті. Мектепте, балалар үйінде, басқа да қоғамдық мекемелерде қатігездік жағдайындағы оқиғалар кездеседі. Баланың болашақта қандай азамат болып қалыптасуы отбасында алған тәрбиесіне тікелей байланысты. Таңның атысынан күннің батысына дейін жұмыста болған ата-ананың бала тәрбиесімен айналысуға шамасы аз. Алдында тұрған теледидар мен интернеттен қылмыстың, зорлық-зомбылықтың сан түрін бақылаусыз көріп отырған баланың көзі соған үйренеді. Ол үшін мұндай жағдайлар түкке тұрғысыз болып көрінуі мүмкін. Сол үшін үйде де, мектепте де оқушыларға біреуге жәбір көрсету – ең жаман қасиет екенін айтудан жалықпау керек. Жаман әдеттен бойын аулақ ұстаған жастың мұндай бассыздыққа бармасы анық.
Бала тағдыры кімді болса да бей-жай қалдырмауы керек. Қалай десек те, жүзін нұр аймалаған сәби әлеміне қол сұғушы қылмыскерлерге қатаң жаза тағайындалуы керек. Балалар құқығын қорғау жөніндегі шараларды күшейту Президент Жолдауларында жылда айтылып келеді. Біз бұл бағытта балалармен жиі жұмыстар жүргізіп, түрлі кездесу мен семинарлар өткізіп тұрамыз. Бастысы қоғамда мұндай келеңсіздіктер орын алмаса екен.

Меруерт НҰРМАҒАМБЕТОВА,
№107 мектеп психологы
24 қараша 2020 ж. 389 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031