» » Отбасы тәрбиесінің бала дамуындағы алатын орны

Отбасы тәрбиесінің бала дамуындағы алатын орны

Отбасы адам үшін ең жақын әлеуметтік ортасы, маңызды бір бөлшегі. Отбасы- белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің  сақтаушысы. Бала үшін отбасы өмір мектебі, онда алғаш рет қарым-қатынас түрлеріне үйренеді, қоршаған ортамен танысады, мінез-құлық нормаларын меңгереді, адамгершілік қасиеттері қалыптасады және дамиды.
Әрбір жеке адам өмірінің маңызды бастауы, рухани өзегі-отбасы. Мұндағы негізгі мақсат-отбасылық құндылықтарды нығайту, отбасы ұғымының қоғамдық санамен сабақтасқан ішкі үйлесімін қалыптастыру, әлеуметтік мемлекеттің негізі болар бала мен оның құқығын қорғау.
Отан отбасынан басталады деген ұлағатты ұғым бар. Қандай дамыған қуатты мемлекет болса да  жекелеген отбасынан құралады. Елдің  ертеңі де сол отбасынан шыққан әрбір азаматтың ерік жігеріне, еңбегіне, біліктілігіне байланысты. Адамзат атаулының өзі осы отбасы құрылымынан өту арқылы қалыптасқан.
Сондықтан да келер ұрпақты тәрбиелей отырып, оларды өмір жолында кездесетін қиыншылықтарға қарсы тұра білуге үйрете білу керек. Отбасында орныққан қарым-қатынас түрі мен қалыптарына сәйкес баланың тұлғалық қасиеттері қаланады. Бала әрқашан да ата-анадан жүрек жылуын, мейірімділікті қажет етеді, ол ата-ананы тірегі санайды, оларға қарап бой түзейді, үлгі алады. Балалық шағында отбасында алған, меңгерілген қасиеттер бала бойында өмір бойы сақталады.
Жас баланы саналы, мәдениетті, сергек етіп тәрбиелеу-отбасы мен қоғамдық тәрбие орындарының бірден-бір парызы. Яғни балаларды тәрбиелеу тек ата-ананың жеке ісі емес, бұған барлық қоғам қызығушылық танытуы керек.
Мемлекетіміздің ең басты байлығы, қазынасы-адам және оның өмірі,  құқықтары мен бостандықтары делінген. Осыған сәйкес елімізде адам және оның өмірі үшін барлық жағдайлар жасалып жатыр. Конституцияға сүйенсек «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» делінген. Отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас ең басты іс-әрекеттердің бірі болып табылады.
Қармақшы аудандық сотының
жетекші маманы А.Жақыпбек
07 маусым 2023 ж. 955 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 385
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 177

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930