» » Отбасы – Отанымыздың ошағы

Отбасы – Отанымыздың ошағы

Неке – ерлі зайыптылар арсындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ.
Неке – отбасы қатынастарының маңызы  мен ерекшелігін анықтау үшін, алдымен неке және отбасы ұғымдарын талқылау қажет.
Отбасы – қоғамның ең басты ұясы. Сондықтан мемлекет оған ерекше қамқорлықпен қарайды, мүмкіндігіне қарай көмектеседі, кім кімнің болсын сырттан заңсыз араласуына жол бермейді, қорғайды.  Әрине некеге отырған, отау тіккен адамдарға мемлекетте белгілі бір талаптар қояды. Тек осындай талаптар орындалған жағдайда ғана мемлекет неке, отбасына қамқорлық жасау туралы міндеттемелер қабылдайды. Мұндай талаптар кездейсоқ емес, олар азаматтардың кемелденуінен және сондай –ақ қоғамның мүдделерінен туындайды. Сондықтан отау тігу үшін заңда көзделген шарттарды сақтау қажет. Отбасы құқығы бойынша неке – бұл ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасы құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ.
Әрбір жеке адам өмірінің маңызды бастауы, рухани өзегі – отбасы.  Мұндағы негізгі мақсат – отбасылық құндылықтарды нығайту, отбасы ұғымының қоғамдық санамен сабақтасқан ішкі үйлесімін қалыптастыру.
Еркек пен әйел – отбасының екі іргетасы. Адам баласы мұқтаж болған рақатты, шын сүйіспеншілікті, мейірбандық сезімдерін ананың құшағында, әкенің қарашаңырағында табады. Олай болса отбасының мәні өте зор. Оның қос алтын діңгегі. Отбасы тұрмыстық қатынасты қалыптастырудың алғашқы ұясы.  Мықты, әрі берік отбасы – кез-келген қоғамның дамуына, оның тұрақты болуына кепілдік береді.
 С.Қожабаев,
 Қармақшы аудандық сотының бас маманы
30 қыркүйек 2022 ж. 1 089 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031