» » Отбасы тыныштығы заңмен қорғалады

Отбасы тыныштығы заңмен қорғалады

«Отан отбасынан басталады».  Отбасы - шағын мемлекет десек қателеспейміз.  Отбасы берік, мықты болса, мемлекеттің де іргетасы мығым. Отбасы – жұртты жақындастырушы, ұрпақ пен ұрпақты табыстырушы, ұрпақаралық тұтастықтың отын жағушы ерекше ұя.
Отбасы – барша азаматқа ең жақын, ең қасиетті ұғым. Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болады. Адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап отбасының тәрбиесін алады.
Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.
Ата заңымыз Қазақстан Республикасының Конституциясында неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болатыны нақты айқындалған. Мемлекеттің негізгі буыны да отбасы екенін, тәрбиенің осы отбасынан басталатынын ұмытпауымыз қажет. 
Дегенмен ерлі – зайыптылар арасындағы дау-жанжалдар, өзара келіспеушіліктер  отбасын сақтап қала алмай, ажырасуға бел буған азамат, азаматшаларымыз қаншама.   Ажырасу – шаңырақтың шайқалуына, толық емес отбасылардың көбеюіне алып келеді. Соның кесірінен қаншама бала ата-ана мейірімін көрмей ерте ер жетеді. Әке тәлімінен бір қағылса, күні-түні жұмысқа байланған анасына жете алмай балалар тағы жапа шегеді.
Мемлекеттік отбасы саясатын дамыту, отбасы институтын нығайту мақсатында республика көлемінде Отбасылық кеңестер құрылып, АХАТ бөлімдері жанынан арнайы Отбасылық кеңес кабинеттері ашылып өз жұмыстарын жасауда. Отбасылық кеңестің  негізгі мақсат – міндеті араздасқан ерлі-зайыптыларды татуластыруға шара көру, ерлі зайыптыларға бастапқы тегін психологиялық көмек беру, отбасы өмірінің құндылықтарын насихаттау.
«Отбасылық сот» пилоттық жобасының мақсаты – отбасы құқығын қорғау, отбасы құндылықтарын сақтау, отбасылық дауларды мейлінше татуластыру рәсімдерін қолдана отырып бітімгершілікпен шешу, балалардың толыққанды отбасында тәрбиеленуіне ықпал жасау. Кәмелеттік жасқа толмаған балалардың ата-анасымен келісімде өмір сүруіне, олардың тұлға ретінде қалыптасуына жәрдемдесу.
Қолданысқа енгізілгеніне көп уақыт өтпесе де «отбасылық сот» пилоттық жобасы қоғамға керек екенін көрсетті. Бұл жобаның артықшылығы өте көп. Ең алдымен жоба ерлі-зайыптылардың сенімін арттырады. Мемлекет біздің мәселемізге бей-жай қарамайды екен, отбасының сақталуына мүдделі екен деген үміт пайда болады. Екіншіден, жоба тараптардың психолог, педагог, медиатор, заңгер секілді өз саласын жетік білетін мамандардан бір орталықта кеңес алуына ықпал етті. Үшіншіден, жобаның нәтижесінде ерлі-зайыптылар өз қатесін түсінуге, бір-бірін тыңдауға, мәселеге басқаша қырынан қарауға үйренді.
Отбасын құру – ойланып жасайтын қадам. Дана халқымыздың «Үйлену оңай, үй болу қиын» дейтіні де сондықтан. Жастарды әдепті де саналы етіп тәрбиелеу үшін ең алдымен тәрбие ережелеріне сүйене отырып, ұлттық дәстүрімізді, әдет-ғұрыптарымызды, дінімізді, ата-бабаларымыздан қалған насихат мұраларын жастардың санасына сіңіре білу басты міндетіміз болуы қажет деп санаймын.
С.Жалғасбаева,
Қармақшы аудандық сотының
бас маманы – сот отырысының хатшысы 
29 қыркүйек 2022 ж. 696 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 223

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 150

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 329

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930