» » Барлық бала бақытқа лайық

Барлық бала бақытқа лайық


Адамзаттың өмірдегі қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала – дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, балабақшада, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді, толысып, әрленеді.
«Балалар – мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі» деген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 2022 жылды Балалар жылы деп жариялады. Ол Қазақстан халқына арналған жаңажылдық құттықтауында: «Бірінші кезекте билік тарапынан балаларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз» деген еді.
Балаға мемлекет тарапынан шын мәнінде барлық жағдай жасалып келеді. Балабақшаның меңгерушісі ретінде айтарым қазір жас ұрпақтың жан-жақты болып жетілуіне мүмкіндік мол. Балабақша, мектеп, қосымша білім беру, өнер орталықтары күннен күнге дамуда, түрленуде, жаңаруда.
Балалар жылына орай түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, балабақша ішін ән мен жырға толтырудамыз.
Соның бір айғағы 1 маусым-халықаралық балаларды қорғау күні аудан бойынша орталық алаңда кең көлемде аталып өтті. Осы шараға 5 "Айгөлек" бөбекжай-бақшасының тәрбиешілері, мамандары және тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндеріміз қатысып қойылым көрсетіп би билеп, робототехника уйірмесі бойынша жұмыстарын көрсетті.

02 маусым 2022 ж. 1 201 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 443

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30